Air Astana-дағы миллиардтық ұрлық: Апелляция үкімді өзгертпеді
Фото: Air Astana
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы «Air Astana» АҚ - да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмысты ұйымдастырған адам 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам қаражатқа берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.
Апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.
Еске салсақ, ұрлық жайлы алғашқы ақпарат екі жыл бұрын пайда болды. 2024 жылғы 4 желтоқсанда Казнетте Air Astana-да ірі көлемдегі қаражат жымқыру деректері туралы ақпарат тарады. Сол күні Air Astana ресми пікір білдіріп, ұрлықтың расымен болғанын растады.
Аудитті «Ernst & Young — кеңес беру қызметтер» ЖШС жүргізген. 2024 жылғы 17 қазанда ұсынылған есепте 1 054 710 181 теңге көлеміндегі ұрлық фактілері расталған. Осыған байланысты «Air Astana» АҚ Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне (ЭТД) сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы өтініш білдірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық