Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды
Instagram.com/adiletkhan
Заңгер Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Алматыдағы резонанс тудырған жол-көлік апаты бойынша өз пікірін білдірген Әділетхан Молдахан ұсталып, 10 күн қамалған еді. Бүгін заңгер бостандыққа шығуы керек болған, алайда сот оны 2 айға созды.
«Молдахан Әділетхан інімнің қамалуы 2 айға не үшін созылды? Әділетті Қазақстанда әділдік қайда? Бостандықты талап етемін» деп жазды заңгер.
Полиция Департаменті бұл ақпаратты растады. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция жалған ақпарат тарату заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады», деп жауап берді Полиция Департаменті.
Айта кетейік, 21 наурызда Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында жаға ұстатар көлік апаты болған еді. Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысты. Осы оқиғадан кейін Ішкі істер министрі департаменттегі біраз адамдарды орнынан босатты.
Оқиғадан кейінгі тергеу барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде марқұм болғандардың отбасына қайғыра көңіл айта отырып, бірнеше полиция басшысы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Коуч пен психологтардың құқықтық мәртебесі заңмен айқындалмақ
- Сағатына 100 мың жалған хабарлама: Құпия деректер мен банктегі қаражатты қолды қылатын алаяқтардың жолы кесілді
- Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртке оранды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық