ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина құрамасы Англия командасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алайда матчтан кейінгі жағдай үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ойын аяқталған соң аргентиналық футболшылар алаңда «Мальвин (Фолкленд) аралдары – Аргентинаға тиесілі» деген жазуы бар баннер ұстап, жеңісті атап өтті. Бұл әрекет спорттағы саясатқа қатысты шектеулерге байланысты халықаралық деңгейде сынға ұшырады.
FIFA ережелеріне сәйкес, футболда саяси ұрандар мен символиканы көрсетуге тыйым салынған. BBC Sport мәліметінше, осы әрекеті үшін Аргентина футбол федерациясына айыппұл салынуы немесе басқа да тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
Даудың тарихи себебіне тоқталсақ, Фолкленд (Аргентинада — Мальвин аралдары деп аталады) — Ұлыбритания бақылауындағы аумақ. Бірақ Аргентина оны әлі күнге дейін өз территориясы деп есептейді. Бұл дау 1982 жылғы Фолкленд соғысы кезінде шарықтау шегіне жеткен. Сол соғыста Ұлыбритания жеңіске жетіп, аралдарды өз бақылауында қалдырған.
Қазіргі таңда аралдарда шамамен 3 мыңға жуық халық тұрады және олар негізінен Ұлыбританиямен байланыс сақтағанды қолдайды. 2013 жылы өткен референдумда тұрғындардың басым бөлігі Ұлыбритания құрамында қалуды жақтап дауыс берген.
Матч алдындағы шиеленіске келсек, бұл матчтың саяси реңкі ойын басталмай тұрып-ақ байқалды. Жанкүйерлер арасында аралдарға қатысты ұрандар айтылып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас жүрді. Аргентина вице-президенті Виктория Вильярруэль ағылшындарды «басып алушы қарақшылар» деп атаған мәлімдемесі жағдайды одан әрі ушықтырды.
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалындағы осы әрекетінен кейін FIFA тарапынан санкцияларға ұшырау қаупіне тап болуы мүмкін.
Осындай тәртіптік тексеру басталды, оған Англияға қарсы жартылай финал матчынан (2:1) кейін болған оқиғалар себеп болды. Жеңісті тойлау кезінде ұлттық құраманың бірнеше футболшысы «Фолкленд аралдары – аргентиналық» деген жазуы бар баннерді жайып көрсеткен.
FIFA бұл жағдайдың мән-жайын зерттеп жатыр, егер ереже бұзылғаны дәлелденсе, Аргентина құрамасына айыппұл салынуы мүмкін.
Фолкленд немесе Мальвин аралдарының тиесілігі мәселесі Аргентина мен Ұлыбритания арасындағы көпжылдық аумақтық дау. Архипелаг қазіргі таңда Лондонның бақылауында, ал шиеленістің ең өткір кезеңі 1982 жылға тұспа-тұс келді — сол кезде екі ел арасында болған Фолкленд соғысы Аргентина жеңілісімен аяқталған еді.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай әрекеттер спорт пен саясаттың ара-жігін ажырату қажеттігін тағы да көрсетіп отыр. Егер ФИФА қатаң шара қолданса, бұл болашақта басқа құрамаларға да сабақ болуы мүмкін.
Еске салсақ, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды. Әлем чемпионаты тарихында алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда бірге ойын көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді