250 млн теңгеге сатылмақ болған Тереңқұр жеріне Храпуновтың қандай қатысы бар?
Коллаж: Orda.kz
Жақында ғана БАҚ беттерінде Алматыдағы Тереңқұр жағалауында орналасқан жер учаскесінің сатылымға шыққаны туралы ақпарат жарияланды. Orda.kz редакциясы жер қашан жекеменшікке өткенін, оның күні не боларын, жалпы айтқанда, ақпараттың анық-қанығын білу үшін Алматы әкімдігіне сауал хат жолдаған.
Алматы әкімдігінң деректеріне сәйкес, 250 млн теңгеге сатылымға шыққан Тереңқұр жағалауы орналасқан жер учаскесінің алғашқы иесі 2000-шы жылы пайда болған.
Тілшінің хатына жауап ретінде мегаполистің әкімдігі жер телімі қала әкімінің 2000 жылғы 17 қазандағы шешімі бойынша сатылғанын хабарлады. Ол кезде қаланың басшысы Виктор Храпунов болатын.

Жер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің құнын анықтау әдістемесі арқылы сатылған. Оны мақұлдау сатудан 6 күн бұрын ғана іске асқан. Әдістеме 2006 жылдың шілдесінде күшін жойды.
«Қазір учаске азаматтық-құқықтық мәміле негізінде жеке тұлғаға тиесілі: 2018 жылғы 27 қыркүйектегі сатып алу-сату шарты. Ауданның егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес учаскенің көп бөлігі Тереңқұр өзенінің су қорғау белдеуінде орналасқан, онда тұрғын және коммерциялық нысандар салу көзделмеген» делінген әкімдік жауабында.
Қала әкімшілігі Тереңқұр өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын бойлай орналасқан тұрғын үйлер 90-шы жылдары салынғанын да атап өтті.

Храпунов неге шетелде жүр?
Виктор Храпунов 1994-2004 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болған. 2011 жылғы 22 қарашада бұрынғы қала басшысына қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Алматының экс-әкімі мен оның әйелі ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталды. Қылмыстық топ бюджеттен ақша ұрлаумен, табиғаты қорғалуға тиіс аймақ жерлері мен мемлекеттік меншікті иемденумен, парақорлықпен және заңсыз кірістерді заңдастырумен айналысты. Бұдан түскен қаражатты Храпуновтар шетелге алып кетіп, ұлдары Ильястың жеке шотында ұстаған. Тергеу мәліметтері бойынша, шығын 250 миллион доллардан асып жығылады.
Қазақстан Швейцариядан Храпуновтар жұбын экстрадициялауды сұрады. 2018 жылдың қазан айында Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Қасым Қалмағамбетов үкімді жария етті. Үкім бойынша Алматының бұрынғы басшысы мен оның әйелі Лейланың мүлкін тәркілеп, сырттай 17 және 14 жылға бас бостандығынан айырды.
2020 жылғы 29 желтоқсанда Швейцарияның Федералдық әкімшілік соты Виктор мен Лейла Храпуновтарға саяси баспана беріп, оларды Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы оппозициялық-саяси қызметі үшін қудаланды деді.
Енді осы шетке кеткен ақшаны қайтарумен Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр.
Жаңалықтар
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Мәскеу мен Мәскеу облысына украин дрондары жаппай шабуыл жасады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды
- Қостанайда қамаудағы бес азаматты сотқа алып бара жатқан полиция көлігі апатқа ұшырады
- Ұлттық ұланның 1 млрд теңгеден астам тұратын жері мемлекетке қайтарылды
- Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?