Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні
Фото: Ақорда
2026 жылдың мамыр айының соңында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтеді. Құрбан айт мерекесіне байланысты 27 мамыр (сәрсенбі) – ресми түрде демалыс күні болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27–29 мамыр аралығына тура келіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс және демалыс тәртібі мынадай болады:
- 25–26 мамыр – жұмыс күндері;
- 27 мамыр – Құрбан айтқа байланысты демалыс;
- 28–29 мамыр – жұмыс күндері;
- 30–31 мамыр – әдеттегі демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша 27 мамыр мерекелік демалыс күні болып саналады.
Еске салсақ, былтыр Құрбан айт күніне байланысты түсініспеушілік болған еді. Алғашында ҚМДБ мерекені 17 маусымға белгілеп, дүйсенбі күні демалыс болады деп жоспарланған. Алайда кейін күн 16 маусымға (жексенбіге) ауыстырылып, қосымша демалыс алынып тасталған.
Құрбан айт – исламдағы ең маңызды мерекелердің бірі. Ол Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң атап өтіледі.
Мереке айт намазынан басталып, құрбан шалу рәсімімен жалғасады. Құрбандық еті отбасы мүшелеріне, туыстарға, көршілерге және мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері адамдар бір-біріне қонаққа барып, қайырымдылық жасауға ерекше көңіл бөледі.
Сонымен қатар 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін еске саламыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық