БҚО-да 200 миллион теңгеге салынған жол қирап жатыр
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы жаңа жол пайдалануға беріле салысымен қирай бастады, деп хабарлайды «Уральская неделя».
Қазталов пен Әжібай ауылдарын байланыстыратын тас жол 2022 жылдың күзінде салынған. Оған облыстық бюджеттен 208 миллион теңге жұмсалған. Пайдаланудың алғашқы айларында-ақ жолдың асфальт бетінде шұңқырлар мен ойықтар пайда болды. Мамандар мұны жол компаниясының сапасыз - құрамында битумы аз асфальт төсеуімен байланысты деп түсіндіреді. Қазталов ауданындағы Қазталов пен Әжібай ауылдары арасындағы жол құрылысы 2021 жылы көктемде басталған болатын. Барлық жол жұмыстарын мердігер «Жайық сити» ЖШС, құрылыс жұмыстарына техникалық қадағалауды «Мұзтау» ЖШС, сәулет қадағалауды «СТРОЙКОНСАЛТИНГ» ЖШС жүргізді.
Жергілікті тұрғындар жол пайдалануға берілгеннен бір ай өтпе, асфалть жолдың көп жері қирап, шұңқырлар мен жарықтар пайда болғанын айтады.
Әжібай ауылының әкімі Жігер Жақиев журналистпен кездесу барысында тас жолды жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін – бүкіл жол бойында шұңқыр болғанын мойындады.
— Сапасыз құрылыстың кесірінен жол ойдым-ойдым шұңқырға толып жатыр. Біз оны қабылдамадық, өйткені мұндай жағдайдағы жаңа жолды пайдалануға беру мүмкін емес, - деді Жігер Жақиев.
Ал Қазталов аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов, керісінше, Қазталов пен Әжібай арасындағы жолдың өз бөлімінде қабылданғанын айтты.
— Біз жаңа жолды қабылдадық. Қабылдаған кезде бәрі жақсы болды. Бірақ бірнеше айдан кейін жол бұзылды, мойындаймын. Салынған жолға ақаулы акт жасап, 4 қаңтарда мердігерге жібердім. Енді мердігер қолайлы ауа райында жолды қалпына келтіреді, - деді Артур Берденов.
Ол Қазталов пен Әжібай арасындағы жол бойындағы шұңқырлар асфальттағы битумның аздығына байланысты деген пікір білдірді.
— Жолдың қирауының басты себебі асфальт қоспасындағы битумның аздығы деп ойлаймын, - деп түсіндірді Берденов.
Оның айтуынша, 2021 жылы мердігер «Жайық Сити» ЖШС жалпы ұзындығы 3,2 шақырым болатын жолдың 1 шақырым 300 метрін салған. Қалған 1 шақырым 900 метрі өткен жылдың күзінде аяқталды.
«Уральская неделяның» тілшісі «Жайық сити» ЖШС басшысы Мереке Молдағалиевпен бірнеше рет хабарласпақ болғанымен, ол қоңырауға жауап бермеді.
Ең бастысы енді мердігер жарамсыз жоллды қайта салып шығуы керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық