20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
Фото: Pexels
Степногорск қаласының прокуратурасы ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында 2023-2024 жылдары сотталған әйел пайдакүнемдік ниетпен, азаматтардың сенімін теріс пайдаланып және алдау арқылы оларға тұрғын үй сатып алуға көмектесуді ұсынғаны анықталды.
Алайда оның өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмаған. Соған қарамастан, ол азаматтардан ақша алып, оны жеке мақсаттарына жұмсаған.
Әйелдің қылмыстық әрекеттерінен 20 азамат зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Сот отырысы барысында сотталушының қылмыс жасағаны дәлелденді.
Степногорск қалалық сотының үкімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Степногорск қаласының прокуратурасы азаматтарды тұрғын үй сатып алуға қатысты мәмілелер жасағанда қырағы болуға, ұсынылатын қызметтердің шынайылығын, қызмет көрсететін адамдардың өкілеттігін және ақша алуға заңды негіздерінің бар-жоғын тексеруге шақырады.
Тиісті құжаттар мен заңды кепілдіктерсіз тұрғын үй мәселесін тиімді шарттармен шешіп беруге уәде ететіндерге сенбеңіз. Мұндай ұсыныстар алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық