17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
Фото: istockphoto.com
Алматыда 2008 жылы жасалған кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты. Ол қылмыс жасағаннан кейін 17 жыл бойы Еуропада жасырынып жүрген, деп хабарлайды Orda.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қылмыс жасалғанына 17 жыл өтсе де Алматыдағы атышулы кісі өліміне қатысы бар адамға сот үкімі шықты.
Қазақстан аумағынан тыс жерде ұзақ жылдар бойы жеке деректерін өзгертіп, бой тасалап келген Ю.Ю. 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс 2008 жылғы 19 мамырға қараған түні Алматы қаласының орталығында жасалған.
«Сот анықтағандай, қылмыстық орта өкілімен жанжалдасқан Ю. және оның сыбайласы А.К. жәбірленушіні сол кездегі Фурманов көшесіндегі үйдің маңында аңдып тұрған. Оған бірнеше рет оқ атқан, одан кейін қаза болғанына көз жеткізу мақсатында желкесінен соңғы оқты дәлдеп тұрып атқан. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан» деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.
Кісі өлімінен кейін Ю. Қазақстаннан қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған.
«Оның сыбайласы К. қылмыстық әрекетін жалғастыра берген. 2008 жылдың жазында ол Қапшағайдағы «Старая крепость» демалыс аймағында болған қарулы оқиғадан кейін ұсталды. Сол кезде полиция қызметкері қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жараланған еді. 2009 жылы К. 23 жылға бас бостандығынан айырылды» деп хабарлады қадағалау органы.
Ал күдікті Ю.-ді іздеу жұмыстары осы жылдар ішінде еш тоқтамай, жалғаса берген.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстық ортада ол «Кинг-Конг» лақап атпен танымал болған және қырғыздың қылмыстық беделді тұлғасының айналасына жүрген. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да оны 2007 жылы Бішкекте көлік жуатын орын иесін өлтіру ісіне байланысты іздеу салған. Ал Ю. болса көп жыл бойы жеке деректерін өзгертіп, Еуропа елдерінде қашып жүрген» деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Алайда 2025 жылдың тамызында ол Литва шекарасынан өту кезінде ұсталды. Ал қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Литвадан елге экстрадицияланды.
«Биылғы жылдың шілдесінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ю.-ді адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өліміне көмектескені үшін кінәлі деп танып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады» деп нақтылады қадағалау органы.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұл экстрадиция Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастыққа қатысты жаңа тәсілдерінің және шетелдік әріптестермен жолға қойылған өзара іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асқан.
«Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен тікелей байланыстарды кеңейту, ақпарат алмасуды жеделдету және халықаралық іздеудің заманауи тетіктерін пайдалану Қазақстан сот төрелігінен жылдар бойы жасырынып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтап, оларды елге қайтаруға мүмкіндік береді» деп хабарлады Бас прокуратура.
Оқи отырыңыз:
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық