17 миллион теңге пара алып сотталған Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы бостандыққа шығуға тырысуда
Фото: Orda.kz коллажы
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллин өзін түрмеге қамауға себеп болған үкімге шағымданды. Бірінші инстанция соты оны алаяқтық пен пара беруге итермелеу бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Экс-судья бұл жазаға келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Маңғыстау облыстық соты Orda.kz-ке апелляциялық шағым қаралатын күн әлі белгіленбегенін хабарлады.
Еске салайық, Шайдуллин ірі көлемде пара алу дерегі бойынша сотталған. Сот үкімінен белгілі болғандай, бұрынғы ақтаулық судья салық төлеуден жалтарды деп айыпталған әйелден, яғни кәсіпкер Зухра Әбішевадан бостандығынан айырмау жазасын қамтамасыз ету үшін 17 миллион теңге талап еткен.
Кәсіпкерге түрмеге түсу қаупі төнген кезде жазадан жалтарудың жолын іздей бастайды. Осы кезде көмекке оның азаматтық күйеуі — сот орындаушысы Ринат Жанахметов келеді. Ол өзін Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллинмен доспын деп таныстырып, «істі жабуға» көмектесуге уәде береді.
Ашкөздік пен алдау әдісі
Тергеу нұсқасына сәйкес, судья қиын жағдайға түскен кәсіпкерге көмектесуге келіседі. Бірақ оның «көмегі» арзан болмайды.
«Айыпталушы Б.Ж.Шайдуллин кәсіпкер З.У.Әбішеваны пара беруге итермелеп, аса ірі көлемде оның ақшалай қаражатын иемдену ниетімен, Р.М.Жанахметовтің сеніміне кіріп, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, айыпталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындау мәселесін шешу үшін прокуратура мен сот органдарының лауазымды тұлғаларына берілуі тиіс деген желеумен 20 миллион теңге талап еткен» деп жазылған іс материалында.
Біраз келіссөздерден кейін, Шайдуллин «жомарттық» танытып, соманы 17 миллион теңгеге дейін төмендетеді. Ал азаматтық күйеуі Әбішевадан 18 миллион теңге талап етіп, артық бір миллионды өзіне «делдалдық ақы» ретінде алып қалмақ болған.
Кәсіпкер әйел үшін бұл қаражат тым қомақты болып шықты. Ол Антикорға жүгініп, судьяны әшкереледі. Осыдан кейін арнайы қызмет өкілдері Шайдуллинді бақылауға алады. Пара берілетін күні Әбішеваға белгі салынған 17 миллион теңге беріледі. Ол ақшаны Жанахметовке тапсырады, ал ол ақша толы сөмкені қалалық сот төрағасының жүргізушісіне береді.
«2024 жылғы 7 маусымда сағат 12:45-те Ақтау қалалық сотының автотұрағында, сот төрағасының жүргізушісі О.Е.М басқарған қызметтік көлікке отырып, айыпталушы Б.Ж.Шайдуллин өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып, үйіне келген. Үйдің алдында ол көліктен түсіп, ақша толы сөмкені алған» деп жазылған үкімде.
Дәл осы сәтте жемқорлыққа қарсы қызмет судьяны ұстап алады. Алайда Шайдуллин сөмкеде ақша бар екенін білмедім деп ақталады, «онда балалар киімі бар деп ойладым» деген нұсқасын алға тартады.
«Сот Б.Ж.Шайдуллинның сөмкеде ақша бар екенін білмедім деген сөзі шындыққа жанаспайды деп есептейді. Бұл нұсқаны сот процесінде зерттелген айғақтар, оның ішінде Е.М.Оразалиннің куәгерлік көрсетулері және өзге де материалдар жоққа шығарады» деп жазылған сот құжатында.
Барлығы жауапқа тартылды
Жиналған айғақтар Бауыржан Шайдуллин мен Ринат Жанахметовті сотқа тартуға жеткілікті болды. Екеуі де бас бостандығынан айырылды.
Ал кәсіпкер Зухра Әбішевада да жазадан құтыла алмады, салық төлеуден жалтару ісі бойынша ол да кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Биылғы жылдың басында елдің заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше жаңалық енгізу, оның ішінде пара туралы сөз қозғағандар да жазалансын деген ұсыныс жасалды.
Биылғы қаңтар айында Көкшетаудағы ТЖМ академиясында оқытушылар курсанттардан ақша бопсалап, ТЖМ курсанттары бес мың теңге пара бергені үшін сотталды.
Мамыр айында Ақтөбеде әскери тергеу басқармасының басшысы мен тергеуші пара алғаны үшін сотталды.
Жақында Жамбыл облысында Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара алып, ұсталды.
Ақпан айында Трамп АҚШ компанияларына қазақ шенеуніктеріне пара беруге рұқсат берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық