Ақтөбеде әскери тергеу басқармасының басшысы мен тергеуші пара алғаны үшін сотталды
Фото: Mail.kz
Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол қорқытып, 700 мың теңге пара алған. Ұстау кезінде қасында болған тергеуші Асхат Сәдуақасов 8 жылға сотталды.
Бүгін Ақтөбе гарнизонының әскери соты екеуіне үкім шығарды. Олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары бойынша айыпталды. Тергеу “адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы пара алу” фактісі бойынша жүргізілген. Сот материалдарына сәйкес, олар 1 миллион теңге талап еткен, 700 мың теңгесін алған кезде ұсталған.


Сот полковник Мұхит Жауғашевті 9 жылға, ал аға лейтенант Асхат Сәдуақасовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуінің де әскери шендері алынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару, Ұлттық банк, қаржы және квазимемлекеттік сектор салаларында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.
Мұхит Жауғашев Қордай ауданындағы Отар станциясында дүниеге келген. ҚР азаматы, ұлты — қазақ, үйленген, жоғары білімі бар, бұрын сотталмаған. Ол Батыс өңірлік басқармасын басқармас бұрын ҚР ІІМ-нің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы болған. Сол кезде мекеменің есепшісі сотталған, бірақ Жауғашевтің кінәсі дәлелденбеген еді.
Асхат Сәдуақасов — 26 жаста, Талдықорған қаласында туған, үйленген, жоғары білімі бар, бұрын сотталмаған. Сот жәбірленуші Тұрмағанбетовке алынған 700 мың теңгенің қайтарылатынын хабарлады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық