Жүргізуші куәлігінсіз мас болып көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен құтылды
Фото: gov.kz
Астана соты судья Әсел Досаеваға мас кезінде жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін айыппұл салды. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашаға қараған түні болған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Судьяның куәлігінің жарамдылық мерзімі 3 шілдеде аяқталған. Сонымен қатар, сараптама оның ішімдік ішкенін көрсеткен.
Алайда, Досаева шақыртуға қарамастан сот отырысына келмеген. Ол полицияны алдын ала хабардар етіп, хаттаманы өз қатысуынсыз рәсімдеуді сұраған.
Нәтижесінде сот Досаеваның ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігін бұзғанын анықтады. Судьяның 14 жасқа толмаған баласы болғандықтан, оған әкімшілік қамау қолданылмады. Оның орнына сот 200 АЕК мөлшерінде (786 400 теңге) айыппұл тағайындады.
Айта кетейік, Атырау облысының полициясы Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен марқұмдардың күйеу баласына ресми түрде іздеу жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық