Жүрегі 1 емес 5 рет тоқтап қаза тапқан Айболат Мұратханның ісі алға жылжыды
Коллаж: Orda.kz
Талғар маңындағы Еңбекшіқазақ ауданында кісі қолынан қаза тапқан 14 жасар Айболат Мұратханның екі жылға жуық тергеуі бітпеген іс Orda.kz мақаласынан кейін алға жылжып, тергеу аяқталды.
Осыдан 1,5 ай бұрын Orda.kz тілшісі Айболат Мұратханның ісіне қатысты екі мақала жариялады. Сонымен қатар, бұл оқиға Orda.kz YouTube арнасы көрермендерін де бей-жай қалдырмады. Бұл іске қатысты редакциямызға Айболаттың отбасынан тергеу алға жылжыды деген ақпарат келді. Материал жарыққа шыққан соң, 1 жыл 8 ай бойы бостандықта жүрген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Еске сала кетейік, алдымен жасөспірмнен ақша бопсалап, артынша алған ауыр соққылардан араға бірнеше күн өткен соң жан сақтау бөлімінде жүрегі бір емес бес рет тоқтап, қаза тапқан Айболат Мұратханның ата-анасы 1 жыл 8 айға бойы әділдікке жете алмаған еді.
Отбасының адвокаты Нұрлан Жақсыбековтың айтуынша, қылмыстық істің ұзақ уақытқа созылып, тиісті дәрежеде тергелмеуіне істі бірінші болып алған тергеушінің өз жұмысына немқұрайлы қарағаны себеп болды.
«Бұл қылмыстық істі осымен екінші тергеуші қарап жатыр. Тергеудің ұзаққа созылып кетуіне байланысты айтатын болсақ, алғашқы тергеуші қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 5 ай бойы тергеу жүргізбек түгілі, ешқандай шара қабылдамаған. Айболат наурыз айында қайтыс болса, оның анасын тек мамырда ғана жауап алуға шақырды. Артынша, ол жұмыстан шығып кеткен соң іс басқа тергеушінің қолына өтті. Қазіргі таңда біз іспен қайта таныстық, енді тергеу аяқталды. Қылмыстық істі прокуратураға жіберуі керек. Олар 10 күн ішінде шешім шығару керек. Егер прокуратура істі сотқа жіберуге толық негіз бар десе, іс сотқа өтеді. Дегенмен, прокуратура істі қайта тергеуге жіберуі де мүмкін», — деді қорғаушы Жақсылықов.
Айта кетейік, қылмыстық іс 106-баптың 3-тармағы, яғни «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, салдарының өлімге әкеп соғуы» бабы бойынша қозғалды.
Orda.kz алдағы уақытта істің қалай өрбитінін өз бақылауында ұстайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық