Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Былтырғы қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы теңізге 1,4 млрд текше метр су құйылды. Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізінде 23,5 млрд текше метр су бар, деп хабарлайды Orda.kz
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше вегетациялық кезеңде теңізге секундына шамамен 40 текше метр су келіп құйылады.
2030 жылға дейін су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін Қазақстан мен Дүниежүзілік банк бірлескен жобасының екінші кезеңі аясында Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылады.
Алайда балықшылардың айтуынша, тек су жіберу жеткіліксіз. Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесуде олар кейбір шаруашылықтар су алу лимитін асырып жіберетінін айтып, су пайдалануды қатаң бақылауды талап етті.
«Ауыл шаруашылығында су пайдалану лимиттері бекітілгенін білеміз, бірақ кейбір фермерлер бұл шектеулерді сақтамайтын жағдайлар бар. Біз Сырдарияның төменгі ағысында орналасқандықтан, өңірдегі балық шаруашылығы үшін шаруалардың суды үнемдеуі аса маңызды», – деді Әділбек Айымбетов, «Арал» сервистік-дайындау орталығы ЖШС директоры.
Сондай-ақ балықшылар Сырдарияға су жіберу көлемін секундына 100 текше метрге дейін арттыру үшін бөгет салуды ұсынды.
Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Арал теңізі туралы сөз сөйледі. Ол су қауіпсіздігі Қазақстан мен Орталық Азия үшін аса маңызды екеніне тоқталды.
«Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдарын еске салатын мысал. Бүгінде Солтүстік Аралдың шамамен 36 пайызы қалпына келтірілді. Бұл су сапасын жақсартуға, балық қорын көбейтуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді», – деді президент.
Сонымен қатар Каспий теңізін сақтау мәселесіне де тоқталып, бұл су айдынын қорғау экологиялық тепе-теңдік пен өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтіп. Сондықтан Қазақстан Каспий теңізінің жағдайын жақсарту бойынша мемлекетаралық бағдарлама ұсынғанын жеткізді.
Тоқаев су ресурстары бойынша жаһандық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтіп, «Біз БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынамыз. Бұл бастама қазіргі кезеңде аса өзекті» деді.
Еске салсақ, Тоқаев 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Аралдың қазіргі жағдайына тоқталып, жағдай жақсарып келе жатқанын айтқан болатын. Бірақ белсенді Жомарт бұл ақпаратпен келіспейді. Оның айтуынша президентке Арал бойынша өтірік есеп беріп отырғандарды жазалау керек дейді.
Белсенді Жомарт Қартбайұлының айтуынша, шынайы жағдай мүлде басқаша болуы мүмкін, Orda.kz редакциясы белсендімен тілдесіп, Арал теңізінің қазіргі жағдайы туралы материалды назарларыңызға ұсынамыз.
Аралды қалпына келтіру – ұзақ мерзімді әрі күрделі процесс. Алдағы жылдары өңірдегі су ресурстарын тиімді басқару, трансшекаралық өзендерді реттеу және климаттық өзгерістерге бейімделу негізгі мәселелердің бірі болмақ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
- Қытайда тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
- Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
- Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады
- «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?