«Журналистика биліктің PR құралына айналды»: Алматыда белсенділер жиналып билікке талап қойды

Алматы қаласында белсенділердің ұйымдастыруымен қоғамдық жиын өтті. Бұл жиында журналистикаға төнген қауіп, саяси тұтқындар, сөз бостандығы, жер мәселесі және Қазақстандағы сайлау кезінде болатын әділетсіздіктер жайлы сөз болды. Жиналғандар арнайы қарар қабылдап, билікке талап қойды. Қазақстан билігіне қандай талаптар қойылмақ және президентке қандай қарар жолданады? Orda.kz тілшісі осы жиынға қатысып қайтты.
Талқыға Рысбек Сәрсенбай, Әсем Жәпішева, Нұртаза Қадырниязов, Санжар Боқаев және тағы да басқа қоғам белсенділері қатысты.
Билікке пропаганда жасаған БАҚ аман қалады
«Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішеваның сөзінше, бүгінде билік әділетсіздікті бүркемелеп отыр. Дәлірек айтқанда, БАҚ өкілдеріне қысым жасады. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін журналистер жаппай қудалана бастаған. Журналист репрессия кезіндегі биліктің саясаты Қазақстанда әлі күнге дейін бар екенін алға тартты.
«Репрессия кезінде «халық жауы» деп жалған айып тағылып, сотталып, тергеліп, ату жазасына кесіліп, болмаса айдалған болса, бүгінгі «Жаңа Қазақстанда» журналистер экстремист, қоғамдық тәртіпті бұзушы, жалған ақпарат таратушы деген баптармен айыпталады. Кезінде саяси лагерлер болса, қазір түрмелер мен СИЗО-лар белсенділер мен журналистерге толып жатыр. Кеңес үкіметі кезінде билікке қарсы шығу қылмыс болса, бүгінде әлеуметтік желіде пікір қалдыру немесе бейбіт митингке қатысу қоғамдық қауіп пен қылмыс ретінде қарастырылады», – деді Әсем Жәпішева.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстан сөз бостандығы бойынша 180 елдің ішінде 141-орында. Жәпішеваның сөзінше, осыдан 2 жыл бұрын 120-орында болған. Сондай-ақ бейтарап немесе сын айтатын репортаж үшін қылмыстық істер қозғалып, телеграм-арналар мен жазбаларға байланысты журналистер тұтқындалып жатқанын айтты.

Журналист «жүйелі репрессияның» көрінісі ретінде осыдан 1 ай бұрын соты болған Темірлан Еңсебектің оқиғасын мысал ретінде айтты.
«Журналистика билікке жағымды PR құралына айналып отыр. Ал шындықты айтатындар – қауіптің көзі. Осының салдарынан елде цензура, қорқыныш пен жемқорлық болып отыр. Халықты репрессия мен қуғын-сүргін арқылы қорқытып басқару – большевиктік, Сталиндік «әлсіз жүйенің» әдісі».
Әсем Жәпішеваның айтуынша, бұл тығырықтан шығу үшін әлі де біраз тер төгу керек. Оның айтуынша, Қазақстан билігі елде ресми түрде саяси тұтқындардың бар екенін мойындауы керек. Осы күнге дейін билік түрмеде саяси тұтқындардың бар екенін жоққа шығарып келеді. Ол Қазақстандағы саяси тұтқындар (оппозициялық пікірі және бейбіт жиналыс ұйымдастырушылар мен оған қатысқандар) түрмеге жабылған журналистер мен саясаткерлер босатылуы тиіс екенін де атап өтті.
Кейін Әсем Жәпішева тәуелсіз қоғамдық бақылау кеңесін құруды ұсынды. Тәуелсіз азаматтардан қоғамдық кеңес құрып, саяси істер мен тұтқындардың жағдайын бақылау қажеттігін айтты. Сонымен қатар қаржылай тәуелділікті азайту үшін, тәуелсіз журналистерге арналған грант берілетін жүйе құрылуы тиіс екенін және тікелей немесе жанама қысымды билік қоюы керек екенін айтты.
Журналист ақпарат құралдарын тіркеу және жабу тәртібін қайта қарау керек екенін, қазірдің өзінде Қазақстанда ақпарат құралын тіркеу қиынға соғатынын және өзінің «Тіл кеспек жоқ» басылымын 3 жыл бойы тіркей алмай жүргенін жасырмады.
Жер болмаса, мемлекет те болмайды
Келесі сөз кезегі қоғам қайраткері Нұртаза Қадырниязовқа берілді. Оның айтуынша, Қазақстанда 600 ауыл жойылған. Ал ауылды таратудағы басты мақсат – миллиондаған гектар жерлердегі ауыл шаруашылығын босатып, ол жерлерді шетелдіктерге сату.
«Ауылды таратып, оған оптимизация жасау деген сөз – қазақ халқының болашағына балта шабу деген сөз. Бұны біз ашық айтуымыз керек. Ауылда 7,5 млн қазақ бар. Біз оларды не істейміз? Қазақ жерін шетелге сату мәселесіне келсек, 1995 жылы конституцияға жердің жекеменшікке сатылуы туралы заң енгізілген. Кейін 2003 жылы ауыл шаруашылық жерлері жекеменшікке сатылады деген де енгізілді. Сол екі ортада миллиондаған гектар жер сатылып кеткен. Енді 2015 жылы билік басындағылар бірдей 7 млн гектар жерді сатамыз деген кезде, өздеріңіз білесіздер қазақтар көтеріліп, бұл сарынды тоқтатты», – деді Нұртаза Қадырниязов.
Қоғам қайраткерінің айтуынша, «Иволга-Холдинг» компаниясының басшысы Василий Розиновтың 900 мың гектар жері бар. Ал сол компания қазір банкротқа ұшырады, яғни Розинов банктен 80 млн қарыз алып, оны өтей алмаған соң жер кепілдікке берілген.

Ғалым Нұртаза Қадырниязов Қазақстанға Қытайдан 2023-2024 жылдар аралығында Қазақстанға 781 мың қытайлықтар, оның 7%-ы ғана турист болып келгенін айтты. Ал 2025 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам қытайлықтар келген.
Сондай-ақ, ғалым АЭС салу мәселесін де көтерді.
«АЭС салу үшін бір жарым мың гектар жер керек екен. Ол жерді кім береді? АЭС салуға беретін, жерімізді қоқысқа толтыратын жеріміз бар ма? Ондай жеріміз жоқ біздің. Сондықтан бір емес, үш АЭС саламыз деп жатыр. Ондай АЭС керек емес Қазақстанға. Алдыңғы қатарлы Германия мемлекетінің өзі қазір АЭС-тен бас тартты. 17-і АЭС-ті жапты. Сонда бір АЭС-ті жабу үшін 1,3 миллиард еуро керек екен. 18 мың тонна қалдық шыққан. Оны залалсыздандыру үшін 134 миллиард еуро керек екен. Ондай ақшаны біз болашақта қайдан табамыз?» .
Ұйымдастырушылар қарардың барлығы президентке жеткізілетінін айтты.
Жаңалықтар
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты
- Петропавлдық такси жүргізушілері жеті күн аза тұтады
- Алматылық жас ғалым инсультті ерте анықтаудың жолын тапты
- Иран АҚШ базаларына шабуыл жасамақшы: Израильге шабуыл жалғасады
- Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дрон шоуымен көмкерілді
- Абай облысында сотталғандардан ақша бопсалағандар жазаларын алды
- Олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлінбейтін болды
- Иран Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» деп мәлімдеді
- Қазақтың еті, шапаны және жабылатын көшелер: Қазақстан Джей Ло-ның келуіне қалай дайындалып жатыр
- Мердігер анықталды: Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады
- ҚР ҰҚК: Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы Жақсылықовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ