Прокурор Темірлан Еңсебекті 5 жылға қамауды сұрады
Фото: Orda.kz
11 сәуір күні Наурызбай аудандық сотында өтіп жатқан Темірлан Еңсебекке қатысты соттың аяқталуына аз қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үш күнге созылған тергеу соты аяқталып, 17:00 тараптар арасында жарыссөз басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Дидар Қабаев Темірлан Еңсебектің кінәсі толық дәлелденгенін хабарлады.
«Қылмыстық істі аяқтағалы жатырмыз. Айыпталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары бойынша толық дәлелденді. Ешкім де кемсітуге ұшырамауы тиіс. Еңсебек қасақана ауыр қылмыс жасады. Еңсебектің ісі Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша дұрыс сараланған. Үкімді жеңілдететін мән-жайлар жоқ», – деп түйіндеді прокурор.
Прокурор Темірлан Еңсебектің бостандығын 5 жылға шектеуді сұрады. Сонымен қатар, блогер болуға, коуч ретінде жұмыс істеуге, сұхбат беруге, қоғамдық шараларға қатысуға тыйым салынды.
«Мен мұны қазақстандық журналистикаға жасалған соққы деп есептеймін. Барлық айыптаулар белгілі болған кезде-ақ негізсіздігі анық еді. Олар дәлелденген жоқ. Мен ақтауды талап етемін. Мен — журналистпін, экстремист емеспін. Бұл — Қазақстандағы сөз бостандығына жасалған соққы. Осы соттан кейін елдегі сөз еркіндігінің деңгейі Түрікменстанмен теңесуі мүмкін», — деді Еңсебек.
Еске сала кетейік, 17 қаңтар Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылған болатын.
Сатира паблигінің авторы ұсталғанын желі қолданушылары да, белсенді азаматтар да қызу талқылады. Тіпті наразы болған белсенділер Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының алдына плакат ұстап шықты.
19 қаңтар күні журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шыққан еді. Оны полиция ұстап, 15 күнге қамады. 20 қаңтар күні шыққан журналист Әсем Жәпішеваны да полиция ұстады. Ал 21 қаңтар күні «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева да пикетке шықты. Оны да полиция ұстап әкетті. Дәл сол күні Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген Сергей Зинченконы да полиция ұстап әкетті.
Кеше өткен сотта да Темірлан Еңсебекті қолдап келген Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні полиция ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық