«Журналистерге тұсау»: Министрлікпен соттасқан журналистер жеңіліп қалды
Коллаж: Orda.kz
Астана қаласының ауданаралық соты Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы 12 журналистің ұжымдық талабын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар жаңа «Аккредитацияның типтік ережелеріне» енгізілген өзгерістерді заңсыз деп, сот арқылы шағымданған болатын. Журналистер ережелердің мемлекеттік тіркеуден өтпегенін және ресми жарияланбағанын алға тартып, бұл жаңашылдықтар сөз бостандығын шектейді деп есептейді.
Талапкерлердің айтуынша, аккредитация енді ақпаратты тек сол аккредитацияны берген БАҚ арқылы таратуға мүмкіндік береді. Бұл талапты екі рет бұзған жағдайда журналистер аккредитациядан айырылуы мүмкін. Алайда сот аккредитация ережелері ақпарат алмасуды реттеу үшін жасалғанын және сөз бостандығын шектемейтінін атап өтті.
Бұл ережелер жайлы Аида Балаева «шағымдануға құқықтарыңыз бар» деп пікірін айтқан болатын.
Соңғы уақытта мемлекеттік органдар журналистерді шеттетуге тырысып жатыр. Мысалы, аккредитациядан айыру және ғимаратқа кіруге тыйым салу Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңа ережелерінде қарастырылған.
2024 жылдың жазында «Ашық НҚА» сайтында БАҚ аккредитациясының жаңа ережелері туралы бұйрық жобасы жарияланды. Бұл ережелерге журналисті өз кәсіби міндеттерін орындау құқығынан айыратын көптеген тармақтар енгізілген. Мәселен, аккредитацияланған журналистер енді аккредитация берген ұйымның іс-шарасының регламентін сақтауға міндетті.
Ал регламент қандай? Ешқандай, әр ұйымдастырушы өзіне қолайлы регламент ойлап таба алады. Мысалы, іс-шара тақырыбына қатысты емес сұрақ қоюға тыйым салынуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық