Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
Фото: yandex.kz
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұратыны белгілі. Соның ішінде саны миллиондап саналатындардан бастап, небәрі бірнеше жүз адамнан тұратын этностарға дейін бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2026 жылдың басында ең аз санды ұлт — комилер болып шықты, олардың саны 240 адам. Жалпы, ведомство бағалауынша, 2026 жылдың басында Қазақстан халқының саны 20 499 822 адамды құраған.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, комилер — Қазақстандағы ең аз санды этнос. Республикада бұл ұлтқа жататын 240 адам бар. Оның ішінде 90 ер адам және 150 әйел. Комилердің басым бөлігі қалаларда тұрады, олар — 160 адам, ал 80 адам ауылдық жерлерде өмір сүреді.
Одан кейінгі орындарда қандай ұлт өкілдері бар?
- моңғолдар — 242 адам;
- ассириялықтар — 329 адам;
- хакастар — 332 адам;
- саха (якуттар) — 353 адам;
- италиялықтар — 355 адам;
- парсылар — 362 адам;
- лактар — 369 адам;
- кабардиндер — 375 адам.
Сондай-ақ статистикада ұлтын көрсетпеген тұрғындар да жеке есептелген екен. Олардың саны — 71 614 адам. Ал «басқа ұлттар» санатына 40 357 адам енгізілген.
Коми ұлты өкілдерінің ең көбі Алматы қаласында тіркелген — 38 адам.
Одан кейін Қарағанды облысында — 26 адам, Қостанай облысында — 25 адам, Ақмола облысында — 24 адам, Жамбыл облысында — 15 адам, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында — әрқайсысында 14 адамнан, Абай облысында — 11 адам, Алматы облысында — 11 адам, Астана — 11 адам тұрады екен.
Қалған өңірлерде бұл этнос өкілдерінің саны он адамнан аз, ал Қызылорда облысында комилер мүлде тіркелмеген.
Ал ең көп санды ұлттарға келетін болсақ, Қазақстандағы ең көп санды ұлт — қазақтар. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, олардың саны 14 664 202 адам болды.
Екінші орында — орыстар (2 943 022 адам), үшінші орында — өзбектер (695 557 адам).
Одан кейін украиндар — 367 547 адам, ұйғырлар — 309 164 адам, немістер — 222 890 адам,
татарлар — 218 361 адам, әзербайжандар — 157 568 адам, корейлер — 120 821 адам,
түріктер — 93 234 адам, дүнгендер — 88 165 адам.
Бұл тізімге тәжіктер, күрдтер, қырғыздар, шешендер және басқа да көптеген ұлттар кіреді. Жалпы алғанда, Қазақстанда 70-тен астам этнос бар. Бұл елдің этникалық құрамы әлі де алуан түрлі екенін көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының түсіндіруінше, халық саны белгілі бір уақыттағы ел аумағында тұрақты тұратын адамдардың жалпы саны бойынша есептеледі.
Негізгі сараптама соңғы халық санағы нәтижелеріне негізделеді. Оған тұрақты тұруға келгендер мен жаңа туғандар қосылып, ал қайтыс болғандар мен көшіп кеткендер алынып тасталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық