Жұмбақ қабір: Сара Алпысқызы Назарбаевтар зиратында жерленді ме?
Фото: Orda.kz
Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратына жерленген болуы мүмкін.
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды. Orda.kz тілшілері оқиға орнына барып, ешқандай жазуы жоқ, белгісіз қабірді көрді. Жаңа зират марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің дәл жанында орналасқан. Бұл – Қазақстанның экс-президентінің жары өмірден озды деген болжамды растай түседі.
Orda.kz дереккөздері Сара Алпысқызының Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты Республикалық клиникалық ауруханада (көпшілікке «Совминка» деген атаумен танымал) ем алып жатқанын, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып, көз жұмғанын хабарлады. Сара Назарбаева 85 жасында дүниеден өтті.
Арада көп уақыт өтпей, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Cоңғы күндері Алматыда болған оқиғалар бұл мәлімдемеге күмән тудырып отыр. Біріншіден, бұрын Сара Назарбаева жатқан «Совминка» ауруханасының күзеті сәрсенбі күні түстен кейін алынған. Сол уақыттан бастап ол жерде ешқандай күзет болмады.
16 мамыр күні Алматының жоғарғы жағында орналасқан Назарбаевтар отбасының резиденциясы маңында полиция мен күзет күшейтілді. Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі уақытша жабылды. Оқиға орнына барған тілшілеріміз ғимаратқа кіріп-шығып жатқан көптеген көлікті, сондай-ақ болжам бойынша, мәйіт таситын көлікті көрген.
Біздің журналистер сол резиденцияға мәйіт таситын көлікке ұқсас көліктердің кіріп бара жатқанын байқап, суретке түсіріп алды. Сонымен қатар, бейресми киінген күзет қызметкерлері журналистерге барлық видео және фото материалдарды өшіруді талап етіп, артынша полиция ұстап, оларды Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тек телефондарындағы материалдардың жойылғанына көз жеткізгеннен кейін ғана олар босатылды.
«Орда» тілшілерін сол жерде күзетшілер ұстап алып, телефондарына түсірілген фото мен видеоларды өшіруге мәжбүрлеген. Кейін тілшілер Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, түсініктеме жазған соң босатылды.
Сара Алпысқызының дүниеден озғаны жөнінде ресми ақпарат әлі күнге дейін жарияланған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық