Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жұбайымен қоштасу үшін Алматыға келді
Қазір Сара Алпысқызының тірі екені туралы ақпараттар тарап жатыр. Алайда Orda.kz дереккөздерінің мәліметінше, оны өмірді қамтамасыз ететін аппараттан ажыратқан.
Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде алғашқы ақпаратардан кейін кейбір БАҚ пен Telegram-арналар «сенімді дереккөздерге» сүйене отырып, бұл ақпаратты жоққа шығаратын жазбалар тарата бастады. Атап айтқанда, «Совминкадағы» күзет Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға жиі келуіне байланысты күшейтілгені айтылуда. Бүгін экс-президент расымен Алматыға ұшып келіп, ауруханада болған. Алғашқы жары Сара Алпысқызымен қоштасу үшін.
Сонымен қатар, тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай X әлеуметтік желісінде мынадай мәлімдеме жасады.
Отвечая на многочисленные запросы СМИ сообщаю, что Сара Алпысовна, супруга Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева, проходит лечение в больнице. Информация о ее кончине не соответствует действительности
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) May 14, 2025
«БАҚ өкілдерінен келіп түскен көптеген сауалдарға байланысты Сара Алпысқызының ауруханада ем қабылдап жатқанын хабарлаймын. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп жазды Үкібай.
Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ. Алайда, біздің редакцияның дереккөздері Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы өмірден озғанын растайды.
Олардың мәліметінше, дәрігерлер науқастың өмірін қамтамасыз ететін аппаратын ажырату туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, саясаткерлер мен олардың жақындарына қатысты жағдайларда өлім фактісі әдетте бірден емес, белгілі бір жағдайларға байланысты кешірек расталады.
Мысалы, Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны ресми түрде тек келесі күні жарияланған. 2023 жылдың 12 қарашасында кешке аурухана алдында кезекшілік еткен Orda.kz журналистері катафалктың шығарылғанын, ауруханадан барлық адамның кеткенін өз көздерімен көрген. Алайда дәрігерлер оның өлімі туралы ресми хабарды 13 қараша күні таңғы сағат 9:30-да таратты — ол кезде марқұм да, оның туыстары да ауруханада болмаған.
Бүгін Назарбаевтар әулетінің біз тілдескен туыстары қойған сұрақтарымызға қысқа ғана «Иманды болсын!» деп қысқа жауап берді.
Жаңа ғана «Орда» сайтының тағы бір дереккөзі Сара Алпысқызының көз жұмғанын растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық