Қырғызстанда депутат TikTok-қа салынған тыйымды алып тастауға шақырды
Фото: Freepik.com
Қырғызстанда депутат Махаббат Мавлянова TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға салынған тыйымды алып тастауға шақырды. Бұл туралы ол Жогорку Кенеш отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz 24KG-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елде TikTok VPN арқылы қолданылады. Депутат тыйым салумен мәселе шешілмейтінін баса айтты.
«Бұл тек ойын-сауық қосымшасы емес, осы арқылы жастар жаңа нәрселерді үйренеді. Бұл – білімді дамытуға, бизнесті ілгерілетуге арналған алаң. Сондықтан әлеуметтік желіні ашық пайдалануға рұқсат беріп, тыйымды алып тастау керек», — деді Махабат Мавлянова.
Осы жылдың басында министрліктің алқа отырысында мәдениет министрінің орынбасары Марат Тағаев Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы шешімді қайта қарау қажеттігін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Қырғызстан мәдениет министрлігі TikTok-тың елдегі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім қоғамда да, сарапшылар арасында да кең резонанс тудырды. Танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шағын және орта бизнестің мәселелерін қиындатады, Қырғызстандағы сөз бостандығы мен демократияға нұқсан келтіреді, жастардың өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерін азайтады деген пікір бар. Кейін елдің цифрлық даму министрлігі танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шешімін жүзеге асыруда техникалық қиындықтарға тап болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық