Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
Фото: Диапазон
Ақтөбе облысындағы тасжолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан өтіп, көліктегі отбасымен соқтығысудан аман қалған жүргізуші туралы жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, рөлде Ақтөбе облысының тұрғыны Қанат Бекжанов болған. Оны осы оқиғадан кейін желідегі бейнежазбасынан «аңыз адам», «болат мінезді адам», қазақтың Джейсон Стэйтемі деп атағандар болды.
«Бұл оқиға 11 сәуір күні кешке болды. Мен Қызылжарда тұрамын, біз жұбайымның туыстары тұратын Ұлғайсыннан үйге қайтып келе жатқанбыз. Көлікте жұбайым және үш баламыз болды. Олар 10, 7 және 4 жаста. Бұл Қарабұтақ маңындағы долда болды»,— дейді ол.
Оның айтуынша қарсы бағыттан бірден екі жүк көлігі шыққан.
«Көліктің бірі менің жолағыма кіріп кетті, ол басып озуға шыққан еді. Мен рөлді оның жағына қарай бұра бастадым, бірақ жүргізуші еш әрекет етпеді. Сол кезде өз жолағымен келе жатқан екінші жүк көлігі жол жиегіне қарай сәл ығысып, маған аздап орын босатты, сөйтіп мен екі көліктің арасынан өтіп кеттім. Біз керемет бір сәттілікпен аман қалдық. Жұбайым қатты қорқып, кейін ұйықтай алмай жүрді»,— дейді Қанат Бекжанов.
Жүргізуші видеотіркегіштен алынған кадрларды өзінің TikTok парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, видеоның кең тарап кететінін ойламаған. Тек басқа жүргізушілерге жолда қандай жағдайлар болатынын көрсеткісі келген. Нәтижесінде ол интернет жұлдызына айналды.
«Мен – эмоцияға берілмейтін, сабырлы адаммын. Төтенше жағдайда да сондай күйде қалу маңызды шығар», – дейді жүргізуші.
Қанат Бекжановтың айтуынша, ол көлік тізгіндегеніне небәрі бес жыл болған. Бастапқыда ескі көлікпен жүрген, қазір Kia Cerato мінеді. Әдетте сонымен жұмысқа қатынайды. Қанат зауытта жұмыс істейді. Бос уақытында ерлер мен балалардың шашын қиюмен айналысады.
Сол сапардан кейін қатты қорыққан жұбайы үйге жеткен бойда жеті нан пісіріп таратқан. Отбасы алдағы уақытта Құран бағыштап та қоймақшы. Қанат 37 жаста, яғни ұазақ ұғымында мүшел жаста екен.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Ақтөбе облысындағы тасжолда жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысудан сытылып шыққан жүргізушінің сабырлылығы қызу талқыланған еді.
Оқи отырыңыз:
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық