Жіп байланған аққу өлі күйінде табылды

cover

Ақтаудың теңіз жағасынан өлі күйдегі аққу табылды. Аққуды жіппен қылқындырып өлтірген тәрізді, деп хабарлайды ORDA. тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Портал Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының оқиғаға байланысты түсініктемесін күтуде.

«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл оқиғаға өз ойын білдірді.

«Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ. «Нэнси» ветеринарлық клиникасының жетекшісі Анна Простетованың арқасында құтқарылған ондаған жануар өз мекеніне оралды. Тағы бір жақсы жаңалық. Анна Анатольевна емдеген соң, аққу үйіріне аман-есен оралды. Енді қуанып жатыр едік, бүгін тағы бір аққу табылды. Мен адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте сұмдық жағдай», - дейді Кирилл Осин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар