Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
Фото: Бейнежазбадан кадр
Тәрбиеші баланы дұрыс орындамаған тапсырмасы үшін ұрып-соққан. Бүлдіршіннің ата-анасы арыз жазудан бас тартқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнебақылауға жазылып қалған бұл жағдайды баланың анасы әлеуметтік желіде жариялады. Видеодан баллардың екі ересек адамның бақылауымен тапсырма орындап отырғанын байқау қиын емес. Олардың бірі ашуға бой алдырып, баланың дәптерін қайта-қайта түртіп, қолы мен иығынан ұрған. Баланың анасы келеңсіз оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.
«Балабақшада жағдай мені қатты алаңдатты. Тәрбиеші балама қол көтерген. Ата-ана ретінде бұл мен үшін мүлде қабылдауға болмайтын, қорқынышты жағдай. Балалар қауіпсіз ортада болып, қамқорлық пен қолдауды сезінуі керек. Мұндай жайттар назардан тыс қалмауы керек», – деді ол.
Қалалық білім бөлімі аталған дерек бойынша жедел тексеру жұмыстарын бастады.
«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, объективті әрі толық анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тергеу барысында қажетті шаралар қабылданды. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады» деп жазылған хабарламада.
Баланы ұрып-соққан 36 жастағы балабақша тәрбиешісі полиция бөлімшесіне жеткізілді. Құқық қорғау органдары қос тарап, яғни видеоны жариялаған ана мен тәрбиешіні кездестірген.
«Полиция бөлімшесінде баланың анасы арыз жазудан бас тартса да, тәртіп сақшылары бұл деректі назардан тыс қалдырмады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық