Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды
Фото: gov.kz
Қазақстан Таяу Шығыс бойынша келіссөздер өткізу алаңы ретінде Түркістанды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ермек Көшербаевтің Катар мемлекетіне ресми сапары аясында сол елдің премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар қазақ-катар стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге ерекше назар аударды.
Жоғары және ең жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог екіжақты қатынастарды тереңдетуде және қол жеткізілген келісімдерді дәйекті іске асыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Келіссөздер барысында инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар энергетика, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сияқты өзара қызығушылық тудыратын басым салалардағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
«Катар Қазақстан үшін араб әлеміндегі жақын әрі сенімді серіктес. Біз қалыптасқан саяси диалог деңгейін, өзара сенім атмосферасын және екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз», — деді Е. Көшербаев.
Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қазақстан мен Катар арасындағы қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалап, Доханың стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін растады.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды. Биылғы ақпанда Катарда өткен Қазақстан мәдениеті күндері екі ел халықтарының өзара түсіністігін нығайтуға және жақындасуына маңызды үлес қосқаны қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Келіссөздер барысында тараптар өзара туристік ағындардың артқанын атап өтіп, Қазақстан мен Катар арасындағы тікелей әуе қатынасын одан әрі дамыту қажеттігін көрсетті.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, ең алдымен Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай аясында, жан-жақты пікір алмасу өтті.
Е.Көшербаев Қазақстанның барлық қақтығыстарды тек халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысы негізінде саяси-дипломатиялық жолмен реттеу жөніндегі ұстанымы өзгермейтінін атап өтті.
Осы тұрғыда министр Катар басшылығының өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мақсатындағы диалогты жолға қою жөніндегі күш-жігерін құптайтынын айтып, Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді.
Әңгімелесушілер Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және АӨСШК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында іс-қимылды үйлестірудің маңызын атап өтіп, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-катар көпқырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін беруге өзара мүдделілігін растады.
Еске салайық, наурыз айында Катар Иранды Таяу Шығыс қақтығысына қатысы жоқ елдерге соққы беруді тоқтатуға шақырған болатын. Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Катардың Иран мен АҚШ арасында дипломатиялық шешімдер іздеуде көмек көрсеткенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық