Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
Фото: Ақорда
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттер бір біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Қазақстанға ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты қарсы алу рәсімі Ақордада өтті.
Іс-шара барысында мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды.
«Сіздің құрметті әкеңіз, Израиль мемлекетінің бұрынғы президенті Хаим Герцог біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың негізін салушыларың бірі болғанын атап өткім келеді. 1992 жылдан бері біз өте тығыз, ерекше достық қатынастарды сақтап келеміз. Өзара ынтымақтастықта, ең алдымен экономика мен саясат салаларында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді»,— деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан Авраам келісімдері-не қосылу туралы шешім қабылдағанын ерекше атап өтті.
«Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қатынастарды тұрақтандыруға үлес қосуға дайын екенімізді және ниетіміз бар екенін білдіреді. Бүгін біз екіжақты экономикалық байланыстарға қатысты көптеген мәселелерді талқылаймыз. Біздің өзара іс-қимылымыздың әлеуеті өте зор деп санаймын және оны толық пайдалану қажет»,— деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Израиль президенті Ицхак Герцог үшін Ақордада болу үлкен мәртебе екенін айтып, 1993 жылы Қазақстанға келген әкесі Хаим Герцогтің жолын жалғастырып отырғанын атап өтті.
«Қазақстанға келу – менің көптен бергі шынайы арманым еді. Сіздің еліңіздің табиғатының әсемдігі мен қазақ халқының бай мәдениеті туралы көп естідім. Менің құрамымда түрлі салалардың сарапшыларынан тұратын ауқымды делегация бар, олар әсіресе жоғары технологиялар саласында серіктестігімізге жаңа серпін береді. Әлем жаңа тарихи кезеңге қадам басып жатқан жағдайда, біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті шынымен де орасан зор», – деді Ицхак Герцог.
Израиль президенті сондай-ақ Қазақстанның Авраам келісімдері-не қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына қатысу туралы шешімін құптады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол кезде Израиль президенті Тоқаевты жалпыұлттық референдумның өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге баса назар аудара отырып, елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық