Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
Фото: CTS
28 сәуірден бастап Астанада оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған LRT атаулы карталарын алу үшін онлайн өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Orda.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
CTS мәліметінше, 28 сәуірден бастап елордадағы оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған LRT атаулы көлік карталарын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады.
«Атаулы LRT көлік карталарын Астанадағы оқу орындарының 7–18 жас аралығындағы оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына жататын және Астанада тіркеліп, тұрақты тұратын азаматтар рәсімдей алады», деп хабарлады компания.
Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушылар өтінім берген кезде көрсеткен телефон нөміріне SMS арқылы хабарлама алады.
Көлік картасын жасау құны – 1200 теңге.
Өтінім тек онлайн түрде transcard.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Рәсімдеу үшін қажетті деректерді толтырып, құжаттарды цифрлық форматта жүктеу және картаны алу үшін ыңғайлы орынды таңдау қажет.
Сонымен қатар, қаладағы алты аудан әкімдігінде дайын карталарды беру пункттері ұйымдастырылған. Дайын карталар өтінім беруші таңдаған аудан әкімдігіне жіберіледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық