ЖИ Ақтаудағы әскери академияның постерінің сөздерін бұрмалап, туды өзгертіп жіберді
Фото: Threads/ @sakenulyzhanat
Ақтаудағы әскери академияның постерінде қазақ тіліндегі мәтіннің орнына жасанды интеллект сервисі ұсынған әріптер жинағы шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы (парақша жойылған) жариялаған бейнероликте формадағы қыз бейнеленген. Бірақ шевронда басқа әріптер тұр. Сондай-ақ, жасанды интеллект Қазақстанның туын да өзгертіп жіберген.
Түсініксіз билбордқа қатысты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Бұл көрнекі ақпарат бұған дейін қалалық әкімдікке ескертілмей, тапсырыс беруші мен жеке кәсіпкер арасындағы келісіммен орнатылған екен.
«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі анықталған кемшілік бойынша жеке кәсіпкер мен тапсырыс беруші тарапқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жіберілген қателер түзетіліп, көрнекі ақпарат қайта жаңартылды», деп хабарлады әкімдіктегілер.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі алдағы уақытта осыған ұқсас заңсыздықтар болған жағдайда заң жүзінде жауапкершілікке тартатындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, Талғарда жасөспірімдер қатарластарын ұрып, видеосын таратты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық