Жезөкше қызметін тұтынатындар не себепті жазаға тартылмайды?
Фото: Pixabay
Қазақстанда сутенёр мен притон ұйымдастырғандар заң тұрғысынан қудаланады, ал жезөкшелікпен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы тұста тағы да осы тізбектегі үшінші позиция – тұтынушыға ештеңе де болмайды. Қазақстанда жезөкше қызметін тұтынатындар неліктен жауапқа тартылмайды?
Orda.kz тілшісі «Азаматтар құқығын қорғау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасының үйлестірушісі, заңгер Ләззат Рақышевадан осы тақырып аясында заң не дейтінін сұрап білді.
Заңгердің айтуынша, жезөкшелік қылмыстық құқықбұзушылық емес, жай ғана ұсақ бұзақылық, тәртіпті бұзу болып саналғандықтан, әкімшілік жауапкершілікке ғана тартылады.
«Ал сутенёр, притондарды ұйымдастыру және соған ұқсас әрекеттер, кәмелетке толмағандарды тарту, боди-массаж және басқа да осыған ұқсас қызметтер — қоғамның адамгершілігі мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс болып саналады. Көп жағдайда жезөкшелікпен айналысатын адамдардың өздері осы жағдайлардың құрбаны, сондықтан оларға айыппұл салынады, бірақ бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды», – деп жауап берді Ләззат Рақышева.
Сондай-ақ заңгердің айтуынша, жезөкшелік қызметке кәмелеттік жасқа толмаған адамды тартатын болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Кәмелетке толмағанды пайдалануға байланысты қолданылатын жаза ҚР ҚК 122-бабының 2, 3 және 4-бөліктерінде көзделген. 122-баптың 2-бөлігі бойынша — 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – деді заңгер.
Ал егер тұтынушы екі немесе одан да көп рет, не екі және одан да көп кәмелетке толмағанның жезөкшелік немесе соған ұқсас қызметін пайдаланған болса, бұл аса ауыр қылмыс болып саналып, 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Қазақстанда жезөкше қызметін пайдаланатын адамдардың (клиенттердің) жауапкершілікке тартылмауының негізгі себебі – қолданыстағы заңнамада клиент үшін тікелей қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.
Қазақстанда жезөкшелікке қатысты нақты әрі толық ресми статистика жоқ, себебі жыныстық қызмет көрсету жеке әрекет ретінде қылмыс болып саналмайды және мемлекеттік органдар тарапынан жеке санат ретінде жүйелі есеп жүргізілмейді. Дегенмен, сараптамалық бағалаулар мен үкіметтік емес ұйымдардың деректеріне сүйенсек, ел аумағында шамамен 20 мыңға жуық жезөкше болуы мүмкін деген болжам айтылады. Бұған дейінгі әртүрлі зерттеулерде олардың саны 4 мыңнан 25 мыңға дейін деп көрсетілген.
Құқық қорғау органдары мәліметіне сүйенсек, олар негізінен жезөкшелікті ұйымдастыру, притон ұстау, сутенёр және адам саудасына қатысты қылмыстық істерді қамтиды. Жыл сайын ондаған факті бойынша қылмыстық іс қозғалады, алайда бұл деректер тікелей жыныстық қызмет көрсетушілердің нақты санын көрсетпейді.
Оқи отырыңыздар:
- Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов референдум туралы жарияланымдары үшін ұсталды ма?
- Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі азғындық жасады деген шағымнан кейін іс қозғалды
- 5-сынып оқушысы мектептегі қысымнан кейін өзіне қол жұмсамақ болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық