Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі азғындық жасады деген шағымнан кейін іс қозғалды
Фото: ЖИ
25 ақпанда Шымкентте 7 жасар қызға азғындық көрсетті деген мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жеті жасар қыздың анасы адвокат Ләззат Рақышевадан көмек сұрап хабарласқан. Анасының айтуынша, мектеп әкімшілігі мұғалімді қорғап отыр.
«Бізге көмегіңіз қажет болып тұр. Біз өте қиын жағдайда қалдық, күшіміз таусылды. Менің 7 жастағы қызыма мектепте мұғалім тарабынан әдепсіз әрекет жасалған. Бұл оқиға 25 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де болған. Қызым мектептен 12:35–12:40 шамасында келді. Үйге келген соң біртүрлі болып, көзіне жас алып отырды. Жылағалы тұрғанын байқадым. «Не болды?» деп сұрадым. Ол: «Мама, айтуға ұят» деді. Мен: «Ұят ештеңе емес, айт, қызым» деп қайта-қайта сұрадым», – деді анасы.
Анасының айтуынша, қыз бастапқыда оқиға қалай болғанын айтып беруге ыңғайсызданған.
«Сонда ол: «Біздің ағай біртүрлі қылды», – деді. «Не істеді?» десем, «Мама, менің арт жағым ауырып тұр», – деді. Мен шошып кеттім. «Неге ауырады?» деп сұрадым. Қызымның айтуынша, мұғалім оны жанына отырғызып алып, алдымен құшақтаған. Сосын партаның жанында отырған кезде арт жағынан қысым көрсеткен», – деді анасы.
Қыз орнынан тұруға әрекет жасағанын айтты. Камерадан да оның қозғалып, босап шығуға тырысқанын ата-анасы және мұғалімдер анық көрген.
«Мен тұрғым келді, бірақ ол қолымнан қысып, жібермеді», – деді. Білегінен қатты ұстап отырғанын айтқан. Қазір біз не істерімізді білмей отырмыз. Бұл жағдай біз үшін өте ауыр», – деді.
Оқиғаны ести сала анасы мектепке жүгіріп барған, бара салысымен камерадан көргісі келген бірақ мектеп әкімшілігі рұқсат бермеген. Азғындық көрсеткен мұғалім қыздың анасын көре салып жылаған. Анасы не жағдай болғанын сұраған.
«Камера бар бірақ ашпаймыз деді директор. Арада жанжал болып, директор күйеуімді соққыға жығып, бізді мектептен қуып шығып, есікті бекітіп алды. Мен сол жерде 102 шақырдым. Аудандық ішкі істер бөліміне бардық. Камераны сол жерде көрдік, мұғалім қызымның басын мүшесі жағына ұстап тұрғанын көрдік. Қазіргі таңда сараптамадан өттік», – дейді қыздың анасы.
Адвокат Ләззат Рақышеваның айтуынша мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалып, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы оқиғаны өз бақылауына алды. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы тұрғыда Orda.kz редакциясы Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын, барлық тергеу әрекеттері заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.
«Әйелдің кәмелетке толмаған қызына тиісу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камералары жазбалары зерттеліп, ықтимал куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып, барлық уәждер тексеріліп, жиналған материалдар мен деректер талданып, салыстырылуда», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Сонымен қатар, ведомсто мәліметінше кез келген заңға қайшы әрекет, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады, ал кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке сөзсіз тартылады. Ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық