Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
Фото: Envato
Жезқазғанда Медет Исламды өлтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі Ұлытау облыстық сотында қайта қарала бастады. Марқұмның туыстары қылмысқа қатысы бар барлық қатысушыларды жазалауды талап етіп, бұл істің «Шерзат ісіне» ұқсастығы туралы мәлімдеген еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жантүршігерлік қылмыс 2023 жылы 13 қыркүйекте болған. Жезқазған қаласының орталығында 35 жастағы Медет Исламды бес жерден пышақтап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл іске Жезқазғанда «Арнатовтықтар» деген атпен танылған ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесінің қатысы бар. Бір жыл тергеу жүргізілгеннен кейін, 2024 жылдың қазан айында сот алдында 5 адам ғана жауап берді. Алайда сот шешімімен 3 адам жеңіл жазаға тартылды. Тағы үшеуі сот залында босатылса, қалған алтауы мүлдем жазаға тартылмаған. Сот шешімімен келіспеген марқұмның туыстары Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Бұл туралы тілшіміз дайындаған материалдан оқи аласыз.
Мамыр айында бас прокурор Берік Асылов қоғамда резонанс тудырған қанды қылмысты жасағандарға шыққан үкімге наразылық білдірді. Нәтижесінде Жоғарғы сот екі жыл бұрын шығарылған негізсіз жеңіл үкімнің күшін жойды.
Прокурор соттағы жарыссөзде айыпталушыларды 15 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық