«Арнатовтықтар» ҰҚТ: Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыс ашылды
Фото: Envato
Жезқазғанда ұйымдасқан қылмыстық топтың қолынан Медет Ислам қаза тапты. Екі жыл бойы әділ үкімге жете алмаған марқұмның туыстары Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Істің мән-жайымен Orda.kz тілшісі танысты.
2023 жылы 13 қыркүйекте Жезқазған қаласының орталығында 35 жастағы Медет Ислам бес жерінен пышақталып, оқиға орнында көз жұмды. Қанды оқиғаға Жезқазғанда танымал «Арнатовтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 12 мүшесі қатысқан. Бір жыл тергеу жүргізілгеннен кейін, 2024 жылдың қазан айында сот алдында 5 адам ғана жауап берді.

Алайда сот үкімі бойынша үш адам ғана сотталды:
-
Азамат Балтабай – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Қайрат Замангожин – ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Рысбек Совет – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл екі ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тағы үшеуі сот залында бірден босатылды, ал алтауы мүлдем жауапқа тартылмады. Екі жылға сотталғандар осы жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Адвокат Инга Иманбай бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың кемінде 20 жылға сотталуы керек екенін айтады.

«Бұл қылмысты 12 адам жасаған. Бірақ тек бір адам еріксіз кісі өлтіргені үшін жазасын алды, екі адам бұзақылық үшін сотталды. Бұл жерде бұзақылықтың ізі де жоқ. Бұл ҚР ҚК 99-бабы бойынша "Алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан топпен адамды қасақана өлтіру" ретінде қайта тергелуі қажет. Біз Бас прокуратураға істі қайта қарау туралы өтініш жазамыз», – деді адвокат.
Жезқазғандық ағайындылар қылмыстық іс бойынша 12 адамның қатысы бар деп санайды және көшедегі бақылау камерасына түсірілген төбелес видеосын дәлел ретінде ұсынды. Олардың пайымдауынша, оқиғаның артында ықпалды Қуаныш Уайдин тұруы мүмкін. Бұл туралы олар желіге жүктеген бейнеүндеуде де айтқан. Алайда тергеу органдары бұл мәлімдемелерге назар аудармаған.
Ал Қуаныш Уайдин өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ағайындыларды жала жапты деп сотқа берген. Бірақ Саят Исламның айтуынша, сот оның талабын қанағаттандырмаған.
Баспасөз мәслихатына жиналған марқұмның туыстары істің қайта қаралуын талап етті. Медеттің ағасы Қайсар Әбдіғалел дәлел ретінде қолдануға болатын бейнежазбалардың өшірілгенін, куәгерлердің тергелмегенін айтты. Оның сөзінше, ұйымдасқан қылмыстық топ полициямен тығыз байланыста.Ол бұл іс пен «Шерзат ісінің» ұқсастығына назар аударып, қаланы бақылауда ұстайтын қылмыстық топтың жазасыздығына алаңдаушылық білдірді.
«Бұл "Арнатовтықтар" қылмыстық тобының алғашқы қылмысы емес. Біз білетіндей, бұған дейін де кемінде 3-4 кісі өлімі болған. Олардың былықтары өте көп, көбісі сотқа да жетпейді. Сонымен қатар, бұл қылмыстық топ жақында ғана "мемлекеттік мүлікті ұрлау" бабы бойынша тергелді. Олар мемлекет меншігіндегі құбырды ұрлап, 288 миллион теңге залал келтірді. Іс бойынша төрт фигурант 3-4 жылға сотталды. Алайда апелляция кезінде қайта сараптама жүргізіліп, мемлекетке келтірілген залал небәрі 1 миллион теңге деп есептеліп, барлық сотталушылар босап шықты», – деді Қайсар Әбдіғалел.
Шамамен бір ай бұрын мемлекет бірінші инстанциядағы үкімнің күшінде қалуын сұрап, кассациялық шағым түсірді. Orda.kz алдағы уақытта осы жағдайды назарда ұстайды.
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті