Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң мақұлданды
Мәжіліс депутаттары шетелдіктерге және шетелдік компанияларға ауылшаруашылық жерлерін беруге толық тыйым салуды көздейтін жер қатынастары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Бүгінгі күні ұсынылған заң жобасы шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік қатысатын қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктер қатысатын ғылыми орталықтарға ауылшаруашылық жерлерін беруге толық тыйым салуды көздейді.
онымен қатар, заң жобасында шетелдіктердің бұрын жалға алған ауылшаруашылық жерлерін пайдалану мерзімдерін ұзарту мүмкін емес. Жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болады. Қандас жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша өсіру және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ал ауылшаруашылық жерлері тек Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға берілуі мүмкін, - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, ауылшаруашылық жерлерін өтініш берушілер Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады. Заң жобасы Жер кодексіне және үш заңға, соның ішінде «Көші-қон туралы» заңға өзгертулер енгізеді.
Жер қатынастары туралы заң жобасының бастамашысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ол қазақстандық жерді шетелдіктерге сатуға болады деген қауесетті тоқтату үшін бұл заңды шұғыл дайындауды тапсырды. 12 наурызда Мемлекет басшысы заң жобасын Мәжіліске жіберді.
Жаңалықтар
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды
- Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады