Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
Фото: Оrda.kz
Жетісуда 23 жастағы дзюдошы бойжеткен Аян Тұрдыбек жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Бір тәулікке жетпейтін уақытта жағдайы күрт нашарлаған ол бірнеше ауруханаға жүгінгенімен, тиісті көмек ала алмаған. Ақыры үйінде жаны қиналып, ауруханаға жеткен сәтте көз жұмды. Бұл қайғылы оқиғаның қалай болғанын Orda.kz тілшісі анықтады.
Аян Тұрдыбек 9 сәуірде таңертең басы мен ішінің және тамағының ауырғанына шағымданған. Айналасындағылар мұны жай ғана жеңіл бір әлсіздік шығар деп қабылдаған. Құрбысы Гүлім Бектұрғанова оны жалғыз қалдырмай, көңілін аулап әрі тамақ ішіп әлденіп алуы үшін дәмханаға апарғанымен тамақ іше алмаған. Марқұм сол кезде өзінің қатты шаршағанын, жағдайының нашарлап бара жатқанын айтып, үйге қайтуды сұрайды.
Кешке қарай жағдайы тіпті қиындаған соң сағат 18:30-да жедел жәрдем шақырады, алайда жәрдем шамамен бір жарым сағаттан кейін келген. Дәрігерлер келіп Аян Тұрдыбекті небары бірнеше минут ғана қарап, суық тиіп қалған, тамағын жылы сумен шайып, қызу түсіретін дәрілер ішсін деп кетіп қалады.
Құрбысының айтуынша, жедел жәрдем кеткен соң түнге қарай дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Аян Тұрдыбек қалтырап-дірілдей бастаған соң үстін қымтап жабуды сұраған, бірақ жылына алмаған. Кейін оны Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға апарған, алайда толыққанды тексеріс жүргізілмей, тіркеуі жоқ деген себеппен облыстық ауруханаға жіберген.
Ал облыстық ауруханада да жағдай қайталанып, жоғарғы қызуы мен құсып жатқанына қарамастан оны ауруханаға жатқызбай Жетісудағы инфекциялық ауруханаға жіберген.
«Тек сол жерде ғана оны қабылдап, талдама алып, тамырына екі дәрі құйды. Дәріден соң жағдай жақсы болғандай көрінді. Алайда т.рі бозарып, еріні көгеріп кетті. Бұл кезде Аянның жағдайы ауыр болған соң оны қоларбамен жеткіздік. Аян бір кезде ауруханаға жатудан бас тартып, үйге қайтқысы келген. Содан сол жерде дәрігерлер егер қайтқысы келсе мейлі деп, өз еркімен ауруханадан кетті деген қолхат жаздырып алды», — дейді Гүлім Бектұрғанова
Түн ортасына таман олар құрбысы екеуі тұрып жатқан жалдамалы пәтерге қайтып келеді. Сағат екілер шамасында ұйықтап қалады. Шырт ұйқыда жатқан құрбысы үштер шамасында оянып жанына қараса, марқұм қыз еденде жатыр екен.
«Ол үстіндегі бүкіл киімін шешіп тастапты, денесінің қызуы қатты көтерілген, сол еденге құсып жіберген, тіпті үлкен дәретін де ұстай алмаған екен. Тілі де сөзге келмей, дұрыстап жағдайын да түсіндіре алмады. Мен шошып кетіп жедел жәрдем шақырдым. Келген дәрігер дәрі салу үшін тамырын іздей бастады, Аянның қол-аяғы былқылдап, икемге келмей жатты» , — дейді құрбысы Гүлім Бектұрғанова.
Сағат 03:45-те қайтадан жедел жәрдем шақырылған. Бұл жолы бригада тез келген. Дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсете бастаған, бірақ жағдайы аса ауыр болғандықтан, қосымша бригада шақырылған. Қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, жолда реанимациялық шаралар жүргізілген. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде марқұм есін жимаған. Біраз уақыттан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлапты.
Қайғылы хабар таңертең жеткен. Аянды бала кезінен тәрбиелеген әпкесі бұл хабарды көтере алмай, мәйітханада есінен танып қалған. Оның айтуынша, қыздың денесі көгерген, терісінде гематомаға ұқсас іздер болыпты. Содан бері бір апта өтті. Отбасы тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олар дәрігерлердің салғырттығы болуы мүмкін екенін айтып, бұл оқиғаның әр кезеңін сұрақтары бар екенін алға тартады. Жедел жәрдемнің келу уақыты, бастапқы диагноз, ауруханалар арасындағы бағыттау, ауруханаға жатқызудан бас тартқандары түгел тергелуі тиіс дейді. Олар бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді деп есептейді. Мәйітханада марқұм «белгісіз заттан уланды» деп қортынды берген.
«Аянның нақты жағдайы қатты қиындап, үдей түскен сәті Жетісудағы инфекциялық ауруханаға барған кезіміз еді. Ол жерде марқұмның тамырына салынған дәріден соң сәл де болсын жағдайы жақсы болғанымен түнде тіпті қатты нашарлап қалды. Бізге нақты тамырға не салғанын да айтпады. Қағаз шығарып береміз сол жерде жазылады деді болды», — дейді құрбысы.
Редакция оқиғаға қатысты Жетісу облыстық полициямына сұрау жолдады.
«Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде», – деп мәлімдеді ПД.
Оқи отырыңыз:
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
Жаңалықтар
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты
- Танымал актер, режиссер Есмұхан Обаев өмірден өтті