Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, қатаң талаптар енгізіледі
Фото: freepik.com
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану ережелері күшейтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Көктем мен жаз айларында, әсіресе Алматыда, самокат маусымы қыза түседі. Өткен жылы жаяу жүргіншілер тротуарлардың қауіпті әрі кей жерлерде жүріп өтуге қолайсыз болғанын айтса, самокат қолданушылар арнайы жолақтар жетіспейтінін айтады.
Қыс мезгілінде ішкі істер министрлігі бұл мәселені жан-жақты қарастырып, ережелерді қатаңдатты. Жалға берілетін электросамокаттар енді азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды және тіркеу нөмірін талап ететін көлік құралдары қатарына енгізілді.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, көктемге дейін қазіргі тәртіп сақталады. Яғни, 18 жастан бастап және жүргізуші куәлігін алған азамататтар самокатпен веложолақта, жолдың оң жиегінде немесе тротуарда сағатына 6 км жылдамдықпен жүруге болады.
Ал 1 шілдеден бастап жалға берілетін самокаттарға қойылған талаптар күшіне енеді. Енді әр самокат тіркеуден өтіп, міндетті сақтандыруы болуы тиіс. Компаниялар техникалық жағдайды қадағалап, пайдаланушылардың жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін тексеруге міндеттеледі.
18 жасқа толмағандарға, жүргізуші куәлігі жоқтарға және көлік басқару құқығынан айырылған азаматтарға самокат жалға берілмейді.
Сонымен қатар, тротуармен жүруге тыйым салынады. Самокатпен тек веложолақ немесе жолдың оң жиегімен жүруге болады.
Полиция мәліметінше, 2025 жылы қалада самокат қатысқан 386 жол апаты тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Осыған байланысты бақылау күшейтіліп отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық