Рим папасы уағыз дайындауда ЖИ қолданбауға шақырды
Фото:instagram/vaticannewit
Рим папасы Рим епархиясының дін қызметкерлерімен кездесуде жасанды зерде мәселесін көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Vatican News мәліметінше жабық форматта өткен диалогта рухани жетекшілік, жастармен жұмыс, жасанды интеллект, интернет әсері және дін қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Жастарға үлгі болу және оқшаулану мәселесі
Рим папасы жастармен жұмыс істеуде олардың отбасы жағдайын терең түсінудің маңызын айтты. Көптеген жас ата-анасының ажырасуы, тастап кетуі сияқты ауыр жағдайларды бастан өткерген. Сондықтан дін қызметкерлері оларға жақын болып, қолдау көрсеткені жөн, бірақ «жай ғана құрбы-досқа» айналып кетпеуі тиіс.
Қызметтегі бағыт-бағдар және қауымды тану
Оның айтуынша, пасторлық қызметтің тиімді болуы үшін ең алдымен қызмет ететін қауымды терең тану керек. Қоғам өзгеріп жатыр, сондықтан ескі тәсілдерге байланып қалмай, нақты адамдардың өмір шындығын ескеру маңызды.
Жасанды интеллект пен интернет туралы ескерту
Ол уағызды жасанды интеллект арқылы дайындаудан сақтандырды. Оның сөзінше, уағыз — сеніммен бөлісу, ал сенімді ешқандай технология жеткізе алмайды. Сондай-ақ интернеттегі «лайк қуу» шынайы миссияны алмастырмауы керектігін ескертті. Негізгісі — дұғаға уақыт бөлу және Құдаймен тірі байланыс орнату.
Діни қызметкерлер арасындағы бауырластық
Рим папасы «клерикалдық қызғаныш» мәселесін де көтерді. Бір діни қызметкердің жоғары қызметке тағайындалуы басқалар арасында қызғаныш тудырмауы тиіс. Оның орнына достық пен бауырластық нығаюы керек. Үздіксіз білім алу да маңызды екенін атап өтті.
Қарттық, ауру және өмір құндылығы
Қарттық пен ауруды қабылдау туралы айта келе, ол өмір құндылығы зор екенін баса айтты. Эвтаназия заңдастырылған елдердегі жағдайға тоқталып, дін қызметкерлері ең алдымен өмірдің маңызын өз үлгісімен көрсетуі керегін жеткізді. Ол науқастарға барып, қасиетті рәсімдерді орындауды ұмытпауға шақырды.
Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Deep Nostalgia технологиясын марқұмдардың суреттеріне қолдануға жалпы түрде рұқсат берілетінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық