Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау: Алғашқы әйел премьер Санаэ Такаитидің бәсі өте ме?
Фото: Wikimedia Commons
Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатыр. Жақында бұл елге жауған қалың қар сайлаушылардың жоғары белсенділігіне кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
8 ақпанда Жапонияда парламентке мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатыр. Бұл елде соңғы екі жыл ішіндегі екінші сайлау. Сайлау қаңтар айында премьер-министр Санаэ Такаити парламентті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін болып отыр. Ол бұл қызметті сол кезде бар-жоғы үш ай ғана атқарған еді.
Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр мұндай қадамға биліктегі беделі төмен Либералды-демократиялық партияның ұстанымын нығайту мақсатында барған.
Әйел премьер-министр өзіне деген жеке танымалдығына сенім артып отыр. Ол партиясы бір жыл бұрын қол жеткізе алмаған нәтижеге — билікте ұзақ уақыт отырғанымен, қоғам арасында терең танымалдылығын жоғалтқан Либералды-демократиялық партияға (ЛДП) айқын қоғамдық мандат алуға үміттенеді.
Алайда бұл — тәуекелі жоғары саяси қадам. Такаитидің алдындағы премьер-министр Сигэру Исиба осындай әрекетке барып, ауыр жеңіліске ұшыраған еді. Енді сайлаушылар Такаитидің бұл бәсі өз-өзін ақтай ма, жоқ па — соны шешуі тиіс.
«Қазіргі жағдайдың басты айырмашылығы бұқаралық ақпарат құралдары жүргізген сауалнамалардың басым бөлігінде оның мақұлдау рейтингі бұрынғы премьерлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары», — дейді The Asia Group консалтингтік тобының Жапония бағыты бойынша аға сарапшысы әрі талдаушысы Ринтаро Нисимура.
Өткен жылдың қазан айында қызметіне кіріскен сәттен бастап Санаэ Такаити бұқаралық ақпарат құралдарының назарында. Алайда ол көп жағдайда нақты саяси шешімдерімен немесе заңнамалық бастамаларымен емес, саяси перформансқа ұқсас әрекеттері арқылы ақпараттық кеңістікті жаулап келеді.
Такаити бастаған консервативті коалиция өз нәтижесін жақсартуы мүмкін. Алайда оның жақтастарының сайлауға қатысу деңгейіне елде жауған қалық қар кері әсер етуі де ықтимал.
Оқи отырыңыз.
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Тоқаев Жапонияда қарлы боран салдарынан қаза тапқандарға көңіл айтты
- Жапония тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық