Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
Фото: Li Ziyue / Xinhua / Global Look Press
Жапонияда соңғы күндері жауған қалың қар салдарынан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды Orda.kz Anadolu агенттігіне сілтеп.
Елдің өрт және табиғи апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, соңғы 20 күн ішінде қатты қар жаууына байланысты жол-көлік оқиғалары мен түрлі төтенше жағдайлар тіркеліп, 358 адам жарақат алған.
Ең көп адам шығыны Ниигата префектурасында тіркелген, онда 12 адам қаза тапқан. Акита префектурасында 7 адам, Ямагатада 5 адам көз жұмды. Хоккайдо мен Аомориде әрқайсысында 4 адамнан қайтыс болған. Сондай-ақ Ивате, Нагано және Симане префектураларында бір адамнан қаза тапқаны хабарланды.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі оңтүстіктен келген жылы ауа массасының әсерінен ауа температурасы көтерілгенін мәлімдеп, азаматтарды қар көшкіні қаупіне және ғимараттардың шатырларынан қардың құлап кетуіне байланысты сақ болуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- Токиоға алғашқы қар жауды - жапондықтар үшін бұл ерекше құбылыс
- Қар мен көктайғақ салдарынан бүкіл Еуропа әрекетсіз қалды
- «Қаза тапқандар бар»: Сеулде 100 жылдағы ең қалың қар жауды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық