«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Фото: Алматы әкімдігі
«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі беріліп, «Ең үздік логотип» байқауы жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Әкімдік хабарлағандай мәдениет пен өнер саласында маңызды оқиға болды. Бұл бастама тұлғаның шығармашылық мұрасын мәңгілік ету мақсатында жүзеге асырылған.
«Жаңа ғасыр» театрына қазақ театры мен киносының көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің есімі ресми түрде берілді. Енді бұл мекеме «Асанәлі Әшімов театры» деп аталатын болады.
Бұл бастама ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық мұрасын ұлықтау, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылды. Асанәлі Әшімовтің сахна мен кинодағы шығармашылық қолтаңбасы, оның жоғары кәсібилігі мен педагогикалық қызметі қазақ өнерінің алтын қорына енген.
Театр ұжымы жаңа атау – үлкен жауапкершілік әрі дамудың жаңа кезеңінің бастауы екенін атап өтті. Осыған байланысты театрдың жаңа брендингін қалыптастыру мақсатында «Ең үздік логотип» байқауы жарияланды. Байқаудың мақсаты – театрдың бірегей стилін айқындайтын заманауи әрі есте қаларлық логотипті анықтау. Ұйымдастырушылар ерекше идея ұсына алатын барлық креативті жандарды қатысуға шақырады.

«Ең үздік логотип» байқауының шарттары:
- Логотип авторлық және бірегей болуы тиіс;
- Асанәлі Әшімовтің фирмалық қолтаңбасы болуы қажет;
- Театр қызметін толық бейнелеуі тиіс;
- Жұмыстар сапалы форматтарда қабылданады (PNG, JPEG, PDF);
- Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.
Материалдар байқау жарияланған сәттен бастап 1 мамырға дейін қабылданады: WhatsApp: 8 701 712 2087, Email: [email protected]. Байқау жеңімпазы 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Алдағы уақытта «Асанәлі Әшімов театры» дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, көрерменге сапалы әрі заманауи қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар театрдың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етіп, ұлттық мәдениетті жаңа деңгейге көтереді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық