Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
Фото: Depositphotos
Жамбыл облысы Байзақ аудандық ауруханасында 25 жастағы ер адам 27 жастағы фельдшерге травматикалық қарудан оқ атты, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдікті мен фельдшер арасындағы жанжал медициналық құрылғы — дефибрилляторға байланысты туындаған. Фельдшер құрылғыны қолдануға болмайтынын, оның қауіпті екенін түсіндірмек болған. Алайда дау ушыққан сәтте күдікті травматикалық қарумен оқ атқан.
«Науқастың диагнозы – сол жақ кеуденің алдыңғы қабырғасына тиген оқ жарақаты. Ішкі ағзалары зақымданбаған. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Қазір пациент динамикалық бақылауда», — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді полиция.
Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адам 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 9 шілде күні Алматының Алмалы аудандық соты 13 адамның мүрдесі шыққан Almaty Hostel-ге қатысты сот үкімі шықты үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық