13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
Фото: Orda.kz
9 шілде күні Алматының Алмалы аудандық соты 13 адамның мүрдесі шыққан Almaty Hostel-ге қатысты сот үкімі шықты үкім шығарды. Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып, сот залындағы жағдайды бақылап қайтты.
2023 жылдың 30 қарашасы күні таңертең Almaty Hostel-де шыққан өрт 13 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың арасында Алматыға жұмыс іздеп келген азаматтар мен студенттер болған. Олардың барлығы хостелдің жертөлесіндегі бөлмелерде тұрған.
Оқиғадан кейін сол күні-ақ адам өліміне әкелген өрт бойынша қылмыстық іс қозғалып, хостелдің иесі Әділбек Мұхамедияров ұсталды.
Оқиғаға қатысты тергеу шамамен 10 айға созылды. 2024 жылдың қазан айында сот процесі басталды.
Оқиға болған уақытта заң бойынша жертөле мен ғимараттың қосымша қабаттарында тұрғын бөлмелер ашуға тыйым салынған еді. Алайда қайғылы жағдай дәл сол ғимараттың қосымша қабатында болған.
Соттың пікірінше, адамдардың қаза болуына дәлізде тұрған матрастар басты себеп болған. Олар эвакуация жолын жауып, адамдардың сыртқа шығуына кедергі келтірген. Сонымен қатар, сот өрт кезінде эвакуацияға арналған есіктің құлыптаулы болғанын да ескерді.
Хостелдің директоры Әділбек Мұхамедьяров пен ғимарат иесі, «Гидсервис» компаниясының басшысы Александр Пекельник айыпты деп танылды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша «өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзып, абайсызда бірнеше адамның өліміне себепкер болды» деген айып тағылған.
Алайда сот процесінің соңғы кезеңінде, яғни жарыссөзде, мемлекеттік айыпталушы Пекельникке тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің 292-бабынан 306-бабына ауыстыруды сұрады. Бұл бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету бойынша жауапкершілікті қарастырады.
Сот шешімі
Сот шешімі бойынша негізгі айыпталушы Әділбек Мұхамедияров кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Оның тергеу изоляторында өткізген бір жарым жылға жуық уақыты «бір күні екі күнге есептеліп» жаза мерзіміне қосылды.
Екінші айыпталушы Александр Пекельник те кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.
«Менің ойымша, бұл үкім негізсіз. Себебі 306-бап бойынша алдын ала тергеу де, сот процесі де жүргізілген жоқ. Пекельник көрсеткен қызметтер барысында қандай да бір қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын дәлелдейтін сараптамалар да болған жоқ», — деді Александр Пекельниктің қорғаушысы Карина Сейтқожанова.
Сондай-ақ, Мұхамедияровтан жәбірленушілердің пайдасына өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды:
- Қабдылбек, Васильева, Әлімбаева, Абдуахидова, Абдусалямова және Колесниковаға – әрқайсына 7 миллион теңгеден моральдық өтемақы;
- Васильеваға – 1,5 миллион теңге көлемінде материалдық өтемақы;
- Сыдықоваға – 6 миллион теңге моральдық өтемақы төленеді.
Пекельниктен:
- Жәбірленуші Айнабекова, Абдуахидова және Абдусалямоваға – әрқайсына 7 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндіру белгіленді.
Адвокаттың айтуынша, тіпті 306-бап бойынша да Пекельникке айып тағуға негіз жоқ. Өйткені ол қызметті хостел иесіне емес, ғимараттың иесі — «Куса Халық» компаниясына көрсеткен. Соған қарамастан, сот дәл осы бап бойынша Пекельникті кінәлі деп таныды.
Сот үкімінде Александр Пекельник тек құжаттарға қол қойғаны, ал монтаж жұмыстарының өзін бақыламағаны айтылды. Сондай-ақ сот кем дегенде бір жұмысшының электромонтажшы ретінде біліктілігі расталмағанын және сараптама қорытындысында өрт дабылының дыбысы талапқа сай жеткілікті деңгейде болмағанын ескерді.
Сот залынан Әділбек Мұхамедияровпен бірге қолына кісен салынар алдында Пекельник өзінің кінәсін тағы бір мәрте жоққа шығарды.
Сот үкімі шыққаннан кейін Александр Пекельниктің туыстары эмоцияларын жасыра алмады. Оның әйелі Анастасия Пекельник отбасы ешқандай өтемақы төлеуге ниетті емес екенін айтты.
Сондай-ақ Пекельниктің қорғаушысы сот шешіміне міндетті түрде апелляциялық шағым түсірілетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық