Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz
Гвардиялық гарнизондағы әскери бөлімде қызметкер саусағын жарақаттағаннан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
6 қаңтар күні мерзімді әскери қызметкер сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттаған. Қызметкердің өзі бұл жағдай жеке себептерге байланысты екенін және алған жарақатына бөлім командирлері немесе лауазымды тұлғалардың қатысы жоқтығын айтты.
«Жарақат тікелей басшысының ескертуінен кейін болған» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының гвардиялық бөлімінде барлық жағдайларды жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде», деп хабарлады құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Деректерге сәйкес, жарақат алған қызметкер әскери госпитальға жеткізілген. Қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қызметкердің жағдайы тұрақты. Ол әлі де дәрігерлердің бақылауында.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми тергеу аяқталғанға дейін тексерілмеген немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға және алдын ала қорытынды жасамауға шақырды.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігінсіз мас болып көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен құтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық