«Жалған өсиет пен психиатриялық аурухана»: Алаяқтықтың жантүршігерлік зұлматы

cover Коллаж Orda.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 22 айыпталушыға 34 факті бойынша айып тағылып отыр: жалған құжат жасау, алаяқтық, кісі өлтіру, сексуалдық зорлық-зомбылық, бас бостандығынан айыру және адам ұрлау. Кейбір айыпталушылар бұрын осыған ұқсас қылмыстар бойынша сотталған, деп хабарлайды Orda.kz.

Біз ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталғандардың қылмысты қалай жасағанының сызбасын жасадық. Жаңа деректер қолжетімді болған кезде, оны диаграммаға қосатын боламыз.

Ұйымдасқан қылмыстық топ жұмысының сызбасы. Orda.kz

 Айыпталушылар БАҚ өкілдеріне өз аты-жөндерін және бейнелерін жариялауға қарсы екенін мәлімдеп, сот процесін жабық түрде өткізуді талап етті. Судья Ерлан Болатов БАҚ өкілдеріне сот залына кіруге рұқсат беріп, соттағы тәртіп ережелерін түсіндірді. Егер айыпталушылар немесе олардың қорғаушылары түсіруге қарсы болса, бұл тыйымды сақтау керектігін ескертті. Алайда, судья іс жүргізуді ашық режимде өткізуді ұйғарды.

Судья Ерлан Болатов Фото: Orda.kz

Жалған құжаттар: алаяқтықтың алғашқы қадамдары

 «Никулин мен Фирстовтың эпизодына қатысты: жүргізуші Р. 2020 жылы пәтер құжаттарын әкелді. Мен пәтерді рәсімдеу үшін не қажет екенін түсіндіріп, барлық жоспарды өзім құрдым. Р.-ға (нотаруис жүргізушісі) пәтер рәсімдеуге адам керек екенін айттым, ол тапты. Марқұмның атынан жалған өсиет жасап, құжаттарды толтырдық, содан кейін бұл пәтер сатылды. Мұрагер келген кезде, жаңа сатып алушы сол жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Бұл эпизодқа Б. пен Г. қатысқан жоқ. Пәтерден түскен ақшаны бөліп алдық. Мен кінәмді толық мойындаймын», – деді нотариус қызметкері.
Нотариус М. Фото: Orda.kz

Жұма күні өткен 2-ші сот отырысында бес эпизод қаралды. Жәбірленушілерден, куәгерлерден және айыпталушылардан жауап алынды. Алаяқтық және жалған құжат жасау бойынша кінәсін мойындаған нотариус қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ, қараусыз қалған пәтер туралы және сол пәтерде меншік иелерінің жоқтығы туралы нотариусқа тікелей ақпарат берген айыпталушы Р.-дан жауап алынды. Бұл ретте ол барлық істі нотариус ұйымдастырғанын алға тартты. Алайда нотариус мұны жоққа шығарып, ұйымға қатысы барын жоққа шығарды. Бірақ пәтердің құжаттары мен кілттерін қайдан алғаны туралы жауап бермеді.

Жүргізушілердің түсініктемелері: қатысы бар ма, жоқ па?

Айыпталушы Р. өзін нотариус қызметкерінің жүргізушісі деп таныстырды. 

Жүргізуші Р. Фото: Orda.kz
«Фирстовтың эпизодына қатысты кінәмді мойындаймын. 2019-2020 жылдары қараусыз қалған пәтер туралы білдім. Нотариусқа хабарласып, құжаттарды реттеуді ұсындым. Ол иә деді. Бізге тіркелетін адам керек болды. К-ны (куәгер) таптым. Ешқандай құжат бермедім, тек мекен-жайымды бердім. Нотариус мұрагерлердің бар-жоғын тексерді. Пәтерді сатуға жарияладым. Сатып алушы Михаил хабарласты. Саудаласып, мәмілені аяқтадық. Мен тек ақша тапқым келді. Жоғары білімім жоқ. Айыпталушы Б.-мен түрмеде таныстым. Нотариус М.-ды ғана танимын», – деді айыталушы Р.

Тергеу барысы: пәтерлердің заңсыз сатылымы ма?

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде өзін жүргізуші деп таныстырған айыпталушы Б.-дан жауап алды. 

Жүргізуші Б. Фото: Orda.kz
«Мен такси жүргізушісімін, орта білімім бар. Фирстов пен Никулин эпизодтары туралы ештеңе білмеймін. Р.-ты мүлдем танымаймын», - деді айыпталушы Б.

Бізге келіп түскен ақпарат бойынша айыпталушы психиатриялық ауруханадан науқастарды ұрлап, пәтер жалдап, оларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бір науқасты тіпті өлтірген.

Жұма күні өткен сот отырысында жұмыссыз азаматша Г.-дан жауап алынды. Жәбірленуші тараптың адвокаттары оны ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп атады. Жауап алу кезінде айыпталушы Г. дірілдеп, жағдайы нашарлап кетті.

Азаматша Г. Фото: Orda.kz
«Мен Никулин мен Фирстовты танымаймын. Нотариус М.-ды түрмеде кездестірдім. Айыпталушы Р.-мен 2021 жылы таныстым. Науқастарды ауруханадан алып, ұрлап кеткен жоқпын. Мен ұйымды құрған жоқпын. Ұрлыққа және алаяқтыққа қатысым жоқ. Құжаттарға да қатысым жоқ»,- деп айыпталушы Г. барлық тағылған айыптардан жоққа шығарды.

Олар бес эпизодқа ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдегенімен, тергеу барысында олардың бұл істерге қатысы бар екендігі анықталды.

Адвокаттар сөзі: қараусыз пәтерлердің тағдыры

Адвокаттың айтуынша, ақпаратты жергілікті аурухана және мемлекеттік қызметтер берген. 

 «Сотқа дейінгі тергеу кезінде пәтер мұрагері болмағаны және жалған өсиет жасалғаны анықталды. Егер өсиет болса немесе мұрагерлер тірі болса, мұндай қылмыс жасалмас еді. Сонымен қатар, мұрагердің Ресейде тұратыны белгілі болды. Куәгер К-ның айтуынша, егер мұрагер пайда болса, нотариус мәселені шешуге уәде берген. Алаяқтар мұрагерлік құқықты тез арада өз атына рәсімдеп, мұрагерлердің бұл құқыққа қол жеткізуіне кедергі жасады. Үшінші эпизодта пәтер иелері психиатриялық аурухана науқастары болған, оларды заңсыз шығарып, жалдамалы пәтерде ұстаған»,- деді адвокат Әйгерім Тохмулдинова.

Бұл екінші сот отырысында жалпы 5 эпизод қаралды. Айыпталушылар кінәсін толық мойындамады. Бірақ иесіз пәтерлердің бар екендігі туралы ақпаратты қайдан алғанын, пәтерге құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасы мен кілтін қайдан алғанын жасырып отыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуын мойындамайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар