«Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген мигрант өмір бойына сотталды. Сотталушы мен оның туыстары тағылған айыппен келіспей, «жала жабылды» деп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда, сот мәліметінше оның қылмысы толығымен дәлелденген. Өзбек азаматы 10 жылдан бері екі ел арасында келіп-кетіп жұмыс істеген. Үш баланың әкесі былтырдан бері Төрткүл ауылындағы наубайханада нан жауып нәпақа тапқан.
«Азық-түлік дүкеніне әдеттегідей нан өткізуге барған өзбек азаматы кәмелетке толмаған 2009 жылы туған жас қызды көреді. Оған әдеттегідей нан өткізіп, ақшасын күткен. Түнгі бір шамасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, күш қолданып, сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Одан кейін сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жәбірленушіні қасақана өлтірген», — дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Мадалиев.
Ал сотталушы сот залынан кетіп бара жатып, жала жабылғанын айтты. Оның әкесі де баласының бұл қылмысты жасамағанын айтып, тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін алға тартты.
«Ол сондай іске барса, сол күні-ақ түнде Өзбекстанға өтіп кететін еді ғой. Ұлыма жала жабылып отыр. Ол ондай тірлікке баратын бала емес. Қазақстанның заңына таң қалдық», — дейді сотталушының әкесі.
Айта кетейік, Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық