Жайық өзенінің тартылуынан балық шаруашылығы тығырыққа тірелді

cover Сурет pixabay.com сайтынан алынды

Каспий теңізіндегі балық шаруашылығы тығырыққа тіреліп отыр. Ал оның басты себебі – Жайық өзенінің тартылуы.

Бұрындары Жайық-Каспий бассейнінен 30 тоннаға жуық балық ауланған болса, қазіргі көрсеткіш екі есе кеміп отыр. Экспортқа шығатын өнім азайғалы балықшылар да табыстан қағылды. Осыған орай жергілікті билік саланы дамытуға арналған 11 жаңа жоба әзірледі.

Күллі Одаққа бекіре балығымен танымал болған Атырау облысы ата кәсібін әлі де жалғастырып келеді. Мұнда 18 өндірістік кооперативтің жұмысы осы ақ айдынмен байланысты. Биыл балықшылар 12600 тонна балық аулаған. Жайық өзенінің тартылуына орай балық басы азайып, биылғы көктемгі кәсіп те нәсіпсіз болды.

Өтеген Есәлиев,  тартым жетекшісі:

«Балықтың жүрісі қазір азаңдау енді. Күн салқын, мұз жаңа кетіп жатыр ғой! Бір тарттым 200 келідей балық шықты. Жылдағыдай, жылда осылай болады. Күн салқын, балық кіре алмай жатыр. 

Балықшыларды толғандырған түйткіл билік басындағыларды да бейжай қалдырмады. Жайық, Қиғаш өзендерінде су сарқылғанымен Каспиийде балық қоры жеткілікті. Тек оған тиімді әдіс керек. Облыстық маслихат сессиясында міне осы мәселе жан-жақты талқыланды. Балық шаруашылығы басқармасы 11 кешенді жоба жасақтап, депутаттардың қарауына ұсынды». 

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

«Өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде тауарлы балық өсіру көлемі 10-15 тоннаға, балық өнімінің экспорты 25 тоннаға, сондай-ақ Жайық-Каспий бассейнінде кәсіп жылына 25 тоннаға дейін артады. Сонымен қатар 371 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Су маржанын терудің аяқсып кетуіне балықшы коопераивтердің де қателігі бар. Себебі бір кезде бар байлықты ынсапсыз пайдаланған табиғат пайдаланушылар өздерінің материалдық-техникалық базасын ұмыт қалдырған. Енді көне кемелер ашық теңізге шыға алмай қайырлап қалды. Қазір кәсіпшілікпен айналысып жүрген 18 коопертивтің тек төртеуі ғана Каспийге шыға алады екен».

 Әлібек Нәутиев, облыс әкімінің орынбасары:

«Біздің табиғат пайдаланушылар тек қана пайда табумен, өнімді шетелге сатумен айналысты. Техникалық базасын біреуі де жақсартқан жоқ. Қазір сол баяғы 15 жыл бұрынғы қайық, 40 жыл бұрынғы кемемен жүр. Оған Үкімет жылда ақша бөлуге міндетті болмас. Олар биоресурсқа 10 процент көлемінде төлейді. Қалған пайданы салықтан басқа жерге төлеп жатқан жоқ». 

Бүгінде Жайық-Қиғаш өзендері бойындағы су арналарында балық қоры сарқылуға таяу. Тағы бір мәселе, ондаған жылдар бойы балық жүретін су арналары ашылмады. Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған түп тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ нәтижесі әзірге көрінбейді.

Атырауда қолға алынған өңірлік жобада балықшы кооперативтерге кемелер алуға көмектесу, олардың жанар-жағармайға кеткен шығындарын 30 процентке субсидиялау секілді мәселелер бар. Ол мәселе жаңа жылдың 22 қаңтарында Үкімет отырысында тағы да нақтыланатын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар