Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Шымкенттің әскери соты әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдары қоймасының 33 жастағы меңгерушісіне үкім шығарды. Бүгінге дейін ол үйқамақта болған, оған қолхатпен кепіл берілген. Үкім жарияланғаннан кейін ер адам сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оған жалпы режимдегі колонияда тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар мемлекетке азаматтық талап бойынша келтірілген залалды өтеу міндеттелді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 2021–2022 жылдары әскери бөлімде жанармайды ұрлау схемасы жұмыс істеген, ал жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі құжаттарды қолдан жасауға қатысқан. Мемлекетке келтірілген залал алдын ала 114 миллион теңге деп бағаланған.
Сотталған өз кінәсін мойындамады. Қорғаушылардың айтуынша, сот негізгі дәлелдерді елемей, қолтаңба сараптамасын жүргізуден бас тартқан. Адвокат тәуелсіз мамандарға жүгінді.
«Кейбір құжаттарда жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі атынан қойылған қолтаңбалар айыпталушыға емес, оның қолтаңбасын келтіріп қойған басқа адамдарға тиесілі. Себебі кейбір құжаттар қойма меңгерушісі еңбекке жарамсыз болып, жұмысқа келмеген кезде де жасалған» деп жазылған сарапшылардың қорытындысында.
Адвокаттың пікірінше, бұл ұсынылған дәлелдердің шынайылығына күмән келтіреді. Қорғаушы сондай-ақ жанармай қозғалысын бақылауға жауапты өзге де лауазымды тұлғалар есеп жүйесіне тікелей қатысы бола тұра, жауапкершілікке тартылмағанын атап өтті.
Олар аталған үкімге шағым түсірмекші.
Орда іс материалдарын, сараптамалық қорытындыларды және қорғау тарабының уәждерін зерттеуді жалғастырады. Жақын күндері сот елемей кеткен болуы мүмкін деректер мен сот алқасы шешуші рөл атқаратын жайттар туралы хабарлаймыз.
Дегенмен былтыр 6 сарбазды соққыға жыққан аға сержант жазадан құтылып кеткен еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық