6 сарбазды соққыға жыққан аға сержант жазадан құтылды
Фото: freepik.com
27 жастағы аға сержант тараптардың татуластығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе сотында Маңғыстау облысында орналасқан 25744 әскери бөлімінің 1-шабуылдау батальонының оқ ату арқылы қолдау ротасының аға сержантының ісі қаралды.
Сотта әскери қызметші сарбаздардың жатын бөлмесіне кіріп, үш бірдей мерзімді әскери қызметшіні басынан жұдырықпен ұрғаны мәлім болды. Бұл әрекетке қатардағы жауынгердің казарма дәлізінде оның рұқсатынсыз жүргені себеп болған. Тағы бір жағдайда ол батальондағы қатардағы жауынгерді насыбаймен ұстап алып, сол үшін әскерге шақырылған үш азаматтың бетінен шапалақпен, тағы екеуін жұдырықпен басынан ұрған.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындағанымен, жәбірленушілердің арқасында жазадан босатылған. Ол соққыға жыққан алты әскери қызметші оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, өзара татуласқан. Сол себепті ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық