Жабық есіктер артындағы «ашық» сот: Темірлан Еңсебек ісіндегі даулы процесс неге шу шығарды?
Фото: Orda.kz
9 сәуір күні сағат 11:00-де Наурызбай аудандық сотында Qaznews24 сатиралық инстаграм-парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сот процесі басталды. Ол ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталды. Сот «ашық» деп жарияланғанымен, отырыс айғай-шумен басталды. Журналистер мен бақылаушылардың залға кіре алмауы осыған себеп болды.
Orda.kz тілшілерін де турникеттен ары өткізбеді. Дегенмен, бұл шындықты анықтауға кедергі болмады.
«Бізден қорқасыңдар ма?»
Белгіленген уақытта сот ғимаратының алдына Темірланның туыстары, журналистер, белсенділер мен құқық қорғаушылар жиналды. Сағат 11:00-де бәрі залға кіруге талпынды. Тілшілер алдын ала аккредитациядан өтіп, соттың баспасөз хатшысы оларды жылы қарсы алды. Алайда, тізім оқылғанда Orda.kz тілшілерінің есімдері аталмады. Сот қызметкерлері «орын жоқ» деген сылтаумен өткізбей қойды. Қанша уақыт күту керектігі де түсіндірілмеді.
Сот өкілдері басқа залдарда да істер өтіп жатқанын айтқанымен, кіреберістегі бірінші зал бос тұрғаны анық байқалды. Бұған дейін Алмалы аудандық сотында барлық журналистер процеске кіргізіліп, бақылаушыларға бөлек зал ұсынылғаны еске түсті. Бұл жолғы тосқауыл көпшіліктің ашуын тудырды.
Ашық сот! Темірланға бостандық!
деп ұрандата бастаған адамдардың саны 40-қа жуық еді. Күзет қызметкерлері үнсіз қалды. Әкімдік пен полиция өкілдерінің сабырға шақыру әрекеттері нәтиже бермеді.
Күзет қызметкерлері үнсіз қалды. Әкімдік пен полиция өкілдерінің сабырға шақыру әрекеттері нәтиже бермеді.
«Бізден қорқасыңдар ма? Бәрібір ел түрлеріңді көреді! Бұл процестің жабық өтуіне жол бермейміз!», — деді Темірланның сүйіктісі Мария Кочнева.
Алайда наразылардың талабы ескерілмеді. Адамдар тар, ауасы тұншыққан дәлізде екі сағат бойы күтуге мәжбүр болды. Көпшілік өз құқықтарының бұзылғанын айтып, судьяға шағымданды.


«Осылай шешілген бе?»
Уәде етілгеніне қарамастан, Темірлан сот залына жеткізілмеді. Ол уақытша изолятордан бейнебайланыс арқылы қатысты. Байланыс үзіліп, дауыс нашар естілген соң, Еңсебек колонканы құлағына тақап отырды.
«Алдымен сот офлайн өтеді деді, бірақ Темірлан онлайн қосылды. Байланыс сапасы төмен, есту қиын. Бұл неге бұлай шешілгенін ешкім түсіндірмеді. Ол қылмыскер емес қой. Бар сұраққа: «Осылай шешілді» деп жауап береді», — деді әкесі Марат Тұрғымбай.

Қарсылыққа қарамастан, BES.media мен «Азаттық» тілшілері залға өте алды. Алайда судья Бейнегүл Қайсина оларға тікелей эфир жүргізуге тыйым салды. Сонымен қатар залда белгісіз үш адам отырды. Кейін оларды тексеруге тырысқанымызбен, кім екені анықталмады. Болжам бойынша, олар орын алып, қалған журналистерді кіргізбеу үшін отырған.
Әр 10 минут сайын залға белгісіз ер адамдар кіріп шықты. Олардың куәлігі жоқ, бірақ процеске бақылау жүргізіп отырғаны аңғарылды. Солардың бірі журналист Данияр Молдабековке жақындағанда, ол сотқа:
«Тікелей эфир жүргізіп жатқан жоқпыз. Видеоны жариялап жатырмыз және жариялай береміз. Бұл — біздің жұмысымыз», — деп жауап берді.
Сот өкілдері бақылаушыларға процесті басқа залда Zoom арқылы көрсетіп жатқанын айтты. Бірақ ол зал бос, экран да, дыбыс та, адам да болмады. Сонда сот хатшысы мен судья жалған ақпарат берді ме?
Дәліздегі ұрандар сот залына анық естіліп тұрды: «Ашық сот!», «Темірланға бостандық!» Бұл сәттердің видеосы «Тіл кеспек жоқ» Telegram-арнасында жарияланды.
Тез, әрі куәгерсіз
Прокурор бірден Темірланнан жауап алуды талап етті. Адвокат Жанара Балғабаева бұған қарсы шығып, қорғауымен кеңесуге уақыт сұрады. Судья оған небәрі 10 минут рұқсат етті.
Сұрақтар арасында: қандай парақша жүргізеді, саяси қысым қашан басталды, 2022 жылғы жалған ақпарат ісі неге тоқтатылды дегендер бар еді. Темірлан өз жұмысы сатира екенін нақты айтты.
Процесс қызған тұста судья түскі үзіліс жариялады. Адвокат 15:00-де басқа сотқа қатысатынын ескертіп еді, судья:
«Күтеміз, басқа күнге қалдырмаймыз», — деп уәде берді.
«Істі ыстық картоптай тезірек лақтырып жібергісі келетіндей. Сот та, тергеу де тым асығыс. Тіпті 10 минут кеңесудің өзін уақытты созу деп қабылдайды», — деді адвокат Балғабаева.
Оның айтуынша, тергеу де небәрі 15 күнде аяқталған. Егер бүгін куәгерлерден жауап алынып үлгерсе, ертең үкім де шығуы ғажап емес.
Темірланның әкесіне қазақша сөйлеуге мүмкіндік берілмей, орысша сөйлеуге мәжбүр болған. Қазақстан заңдары бойынша, әр азамат өз ана тілінде сөйлеуге құқылы. Сот аударма ұйымдастыруға міндетті.
«Судья ренжіп қалса, кешірім сұраймын. Бірақ неге процесті екі тілде өткізбеске? Аудармашы да керек емес еді, бәрі — қазақтар. Маған орысша сөйле деді. Сөйледім, бірақ қазақша өз ойымды әлдеқайда жақсы жеткізер едім. Не айтқым келгенін орысша жеткізуге тырыстым», — дейді Марат Тұрғымбай.
Qaznews24 — сатира ма, қылмыс па?
«Эй, йоу, орыстар» атты рэп TikTok пен Instagram-да танымал болған. Алайда дәл осы шығарма үшін Qaznews24 парақшасының жетекшісі Темірлан Еңсебек ұсталып, артынан оны қолдағандар да қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады