«Зейнеткерлер»: АЭС құрылысына қарсы шыққандар 4 жылға бас бостандығынан шектелді
Фото: Orda.kz
АЭС құрылысына қарсы шыққандарды 4 жылға шартты түрде бостандығынан шектету туралы үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында атом электр станциясын салуға қарсы шыққан белсенділердің ісі қаралды. Тергеу дерегінше, зейнетке жақын және зейнет жасындағы 5 ер адам 2024 жылғы 6 қазанда (АЭС құрылысы жөніндегі референдум өткізілген күні) тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікке қарулы қарсылық көрсетуге ниеттенген.
Нақтырақ айтсақ, прокурор оларға «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпыныс» және «қылмыс жасауға оқталу» баптары бойынша айып тақты.
Мемлекеттік айыптаушы барлық айыпталушыларға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда судья Ернар Қасымбеков 5 ер адамды шартты түрде 4 жылға қатаң бақылауға алу жазасына кесті.
Еске сала кетйік, АЭС құрылысына қарсы шыққандардың кешегі сот отырысында тілшілерге сотты бейнежазбаға түсіруге тыйым салып, арнайы жасақ келіп, журналистерді залдан күштеп шығарған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық