Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты

cover Фото: Pexels

Қарағанды облысы, Теміртау қаласында 68 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, оны соққыға жығып ұялы телефонға түсірген жасөспірімдерге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Аталған іс бойынша 9 адам кінәлі. Олар топ болып бірнеше рет тұрғын үйлерге баса-көктеп кіріп, тонағандары үшін  айыпталып отыр. Олардың бұл ісінен кейін тоналған зейнеткер орташа көлемде жарақат алып, барлық мүлкінен айырылып қалған. Олар 95 мың теңге тұратын мүлікті алып кеткен. Сот кезінде айыпталушылардың біріне былтыр наурыз айында тағы да басқа азаматты тонады деп айып тағылған. 

Сотталушылар өз айыптарын мойындады және олардың қылмысы жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама нәтижелерімен расталды. 

Сот нәтижесі бойынша, сотталушылардың бірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмағандардың біріне 6 жыл 6 ай колония, тағы екеуіне 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған фигуранттар 5 жылдан бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, былтыр Теміртау қаласында белгісіз жасөспірімдер 67 жастағы қарияның үйіне топ болып, баса-көктеп кіріп, қарияны соққыға жығып, оның үстіне түкіргендерін ұялы телефонға түсіріп отырған.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар