Зейнет жинағы бойынша ең бай болашақ зейнеткерлер белгілі болды
Фото: gov.kz
Қазақстандағы ең ірі зейнетақы жинағының көлемі 388 миллион теңгеге жуықтапты. Ал жеткіліктілік шегінен асқан азаматтардың саны 30 мыңнан асқан, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстандағы ең ірі зейнетақы шотында 387 547 976 теңге жинақталған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) деректерінен білгілі болды.
Ақпаратты БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі растады.
Қор статистикасына сәйкес, ең көп қаражат жинаған салымшы – 51–60 жас аралығындағы ер адам. Оның міндетті зейнетақы шотында 387 547 976 теңге бар екен.
Екінші орында – 61 жастан асқан ер адам, оның жинағы 180 685 003 теңге.
Үшінші орында 41–50 жас аралығындағы ер адам, оның зейнетақы жинағы 151 752 008 теңгеге жеткен.
Ең ірі бес зейнетақы шотының қатарына екі әйел де енді. Олардың бірі (51–60 жас аралығы) 125 908 192 теңге, ал екіншісі (41–50 жас аралығы) 116 722 719 теңге жинаған.
2026 жылдың алғашқы алты айында ең ірі зейнетақы шоты шамамен 7 миллион теңгеге артқан. Ал екінші орында тұрған салымшының жинағы 2 миллион теңгеге жуық азайған, үшінші орын иесінің жинағы 6 миллион теңгеден астамға көбейген.
Әйелдер арасында да айтарлықтай өзгеріс байқалған. Егер жыл басында 41–60 жас аралығындағы бірде-бір әйелдің жинағы 100 миллион теңгеден аспаса, маусым айына қарай бұл межеден екі әйел өткен.
БЖЗҚ 61 жастан асқан бір әйел салымшыны да ерекше атап өтті. 2026 жылғы маусымның басында оның зейнетақы шотында 95 721 470 теңге болған. Қаңтар айында бұл қаражат 96 131 866 теңге болған. Бұл оның зейнетақы төлемдерін ала бастағанын немесе жинақтың бір бөлігін пайдаланғанын көрсетуі мүмкін.
Ең жас салымшылар арасында көш бастап тұрған 20 жасқа толмаған қыз да бар екен. Оның міндетті зейнетақы шотында 18 596 961 теңге жинақталған. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 16 033 724 теңге болған. Осы жас санатындағы ең көп қаражат жинаған жігіттің шотында маусым айында 10 525 874 теңге болған.
БЖЗҚ мәліметінше, 2026 жылғы маусымның басындағы жағдай бойынша 30 049 салымшының міндетті зейнетақы шотындағы қаражат көлемі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кеткен.
Мұндай салымшылардың ең көбі 41 жастағы қазақстандықтар арасында тіркелген. Бұл жас санаты үшін жаңа жеткіліктілік шегі 13 760 000 теңге болды. Аталған санатта 1 487 адамның жинағы белгіленген межеден жоғары.
Сонымен қатар, БЖЗҚ ең ірі зейнетақы жинақтарының иелері қай ұйымдарда жұмыс істейтіні туралы мәліметке ие емес екенін мәлімдеді. Қордың хабарлауынша, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударушы кәсіпорындар бойынша толық статистика жүргізілмейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық